Астанада азық-түлік қауіпсіздігіне арналған халықаралық сессия өтті
22–24 сәуір аралығында Астана қаласында өткен RES 2026 аймақтық экологиялық саммиті аясында азық-түлік қауіпсіздігіне арналған жоғары деңгейдегі панельдік сессия ұйымдастырылды. Іс-шараны БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бірлесіп өткізді.

Сессияда Орталық Азиядағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері, климаттың өзгеруі, жердің тозуы және су ресурстарына түсетін жүктеменің артуы сияқты өзекті проблемалар талқыланды. Қатысушылар су, жер және азық-түлік арасындағы өзара байланысты ескере отырып, табиғи ресурстарды кешенді басқару қажеттігін атап өтті.
Панельдік талқылауға аймақ елдерінің сарапшылары мен халықаралық ұйым өкілдері қатысып, агроазық-түлік жүйелерінің тұрақтылығын арттыру, ресурстарды тиімді пайдалану және ұзақ мерзімді азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын қарастырды.
Іс-шараға қатысқан ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, ҚазЕгіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты-нің бас ғылыми қызметкері Жұмағали Оспанбаев өз сөзінде:
«Бүгінде Орталық Азия елдері үшін азық-түлік қауіпсіздігі тікелей су және жер ресурстарының жағдайына байланысты. Су тапшылығы мен климаттың өзгеруі жағдайында бізге ғылыми негізделген, кешенді шешімдер қажет. Бұл бағытта өңірлік ынтымақтастықты күшейту – басты міндеттердің бірі», – деп атап өтті.
Сарапшылардың айтуынша, аймақта су ресурстарының тапшылығы мен инфрақұрылымның тозуы ауыл шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне әкеліп отыр. Сондықтан табиғи ресурстарды тиімді басқару тек экологиялық емес, экономикалық тұрақтылықтың да негізгі факторы ретінде қарастырылады.
В Астане обсудили продовольственную безопасность Центральной Азии
В Астане в рамках RES 2026 (22–24 апреля 2026 года) прошла панельная сессия высокого уровня, посвящённая вопросам продовольственной безопасности в Центральной Азии. Организаторами выступили ФАО совместно с Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан.

В ходе встречи эксперты обсудили ключевые вызовы, связанные с изменением климата, деградацией земель и ростом нагрузки на водные ресурсы. Особое внимание было уделено необходимости комплексного управления ресурсами в системе «вода–земля–продовольствие», а также развитию регионального сотрудничества.
Панельная дискуссия объединила представителей стран региона и международных организаций для выработки решений, направленных на повышение устойчивости агропродовольственных систем и обеспечение долгосрочной продовольственной безопасности.
Участник сессии, доктор сельскохозяйственных наук, профессор, главный научный сотрудник лаборатории земледелия КазНИИЗиР Жумагали Оспанбаев отметил:
«Продовольственная безопасность в Центральной Азии сегодня напрямую зависит от эффективного управления водными и земельными ресурсами. В условиях изменения климата и дефицита воды необходимо внедрять научно обоснованные подходы и усиливать региональное взаимодействие».
По словам экспертов, нарастающий дефицит воды, износ инфраструктуры и климатические риски требуют системных решений, поскольку от этого зависит не только устойчивость сельского хозяйства, но и экономическая стабильность региона в целом.
@agro__press @nasec.kz
