Последние новости

Соңғы жаңалықтар

04.12.2020
1

Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетін 90 жылдық мерекесімен құттықтаймыз!

Dark Mode

Бұл күндері еліміздегі аграрлық білімінің қара шаңырағы Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің құрылғанына 90 жыл толып отыр. Аталған аграрлық университет әлемдік ғылым мен білім қауымдастығында жоғары абыройға ие, қазақстандық жоғары білімнің танымал көшбасшысы, еліміздегі аграрлық-индустриалды білім мен дамудың  ғылыми, инновациялық ошағына айналып, ауыл шаруашылық саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға айтарлықтай атсалысып келеді.

Аграрлық Университетте білім алған жоғарғы санаттағы мамандар Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еселі еңбек етуде. Олар отандық ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды жаңа идеялар мен жаңалықтар ұсынып, инновациялық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруда.

Университеттің барлық профессор-оқытушылар құрамын, студенттер мен қызметкерлерді 90 жылдық мерейтоймен құттықтаймыз! Мереке күні баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық табыс, жаңа мүмкіндіктер мен игі бастамалар тілейміз!

Ізгі ниетпен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымы


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X