Последние новости

Соңғы жаңалықтар

29.10.2026

Жас ғалым – аграрлық ғылымның болашағы

Dark Mode

Отандық аграрлық ғылымның болашағы – заманауи технологияларды меңгеріп, тың ізденістерге батыл қадам басқан жас зерттеушілердің қолында. Бүгінде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында 42 жас ғалым еңбек етіп, ауыл шаруашылығының өзекті мәселелерін шешуге өз үлестерін қосып келеді.

Солардың бірі – ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі, органикалық егіншілік зертханасының кіші ғылыми қызметкері Ұлан Ахмурзин.

Жас ғалымның зерттеу бағыты мультиспектрлі қашықтан зондтау мен биологияландырылған технологияларды органикалық егіншілік жүйесіне енгізуге арналған. Бұл – ауыл шаруашылығы мен цифрлық технологияны ұштастыратын келешегі зор бағыттардың бірі.

Мультиспектрлі қашықтан зондтау технологиясы егістіктің жағдайын көзге көрінбейтін спектрлік көрсеткіштер арқылы бағалауға мүмкіндік береді. Оның көмегімен өсімдіктердің даму қарқынын, егістің біркелкілігін, ылғал тапшылығын және түрлі күйзеліс белгілерін ерте анықтауға болады. Ал биологияландырылған технологиялар топырақ құнарлылығын сақтауға, химиялық жүктемені азайтуға және экологиялық қауіпсіз ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге бағытталған.

– Зерттеуімнің негізгі мақсаты – цифрлық технологиялардың көмегімен егістіктің жағдайын бақылап, өсімдіктердің дамуындағы өзгерістерді дер кезінде анықтау. Цифрлық және биологияландырылған тәсілдерді біріктіру органикалық егіншіліктің тиімділігін арттырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, – дейді Ұлан Ахмурзин.

Жас зерттеушінің пікірінше, ғылыми ізденістің нәтижесі зертхана немесе тәжірибелік алқап аясында қалып қоймай, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге нақты пайда әкелуі керек. Ғылыми негізделген деректер шаруаларға дұрыс шешім қабылдауға, өндірістік шығындарды оңтайландыруға және егістіктің өнімділігін арттыруға көмектеседі.

– Мен үшін ғылым – жаңа білім іздеу ғана емес, ауыл шаруашылығының дамуына нақты пайда әкелетін нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі, – дейді жас ғалым.

Ұлан Ержанұлы секілді ізденімпаз мамандардың еңбегі аграрлық ғылымның жаңа бағыттарын қалыптастырып, отандық ауыл шаруашылығының технологиялық дамуына жол ашады. Жас ғалымдардың жаңашыл идеялары мен қажырлы еңбегі – ел ғылымының жарқын болашағына салынған маңызды негіз.

Молодой учёный – будущее аграрной науки

Будущее отечественной аграрной науки находится в руках молодых исследователей, которые уверенно осваивают современные технологии, предлагают новые идеи и стремятся применять результаты своих исследований на практике. Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства работают 42 молодых учёных, вносящих свой вклад в решение актуальных задач сельского хозяйства.

Один из них – магистр сельскохозяйственных наук, младший научный сотрудник лаборатории органического земледелия Улан Ахмурзин.

Научное исследование молодого специалиста посвящено интеграции мультиспектрального дистанционного зондирования и биологизированных технологий в систему органического земледелия. Это одно из перспективных направлений, объединяющих аграрную науку и современные цифровые решения.

Мультиспектральное дистанционное зондирование позволяет оценивать состояние растений по показателям, многие из которых невозможно определить невооружённым глазом. С помощью этой технологии можно анализировать равномерность посевов и темпы развития растений, своевременно выявлять недостаток влаги и первые признаки стресса.

Биологизированные технологии, в свою очередь, направлены на сохранение плодородия почвы, снижение химической нагрузки и производство экологически безопасной сельскохозяйственной продукции.

– Главная цель моего исследования – с помощью цифровых технологий контролировать состояние посевов и своевременно выявлять изменения в развитии растений. Сочетание цифровых и биологизированных методов может повысить эффективность органического земледелия и обеспечить рациональное использование природных ресурсов, – отмечает Улан Ахмурзин.

По мнению молодого исследователя, результаты научной работы не должны оставаться только в стенах лаборатории или на опытных полях. Они должны быть понятными и полезными для сельхозтоваропроизводителей. Научно обоснованные данные помогают аграриям принимать верные решения, эффективнее использовать ресурсы и снижать производственные риски.

– Для меня наука – это не только поиск новых знаний, но и возможность получить результаты, которые принесут реальную пользу сельскому хозяйству, – говорит молодой учёный.

Работа таких исследователей, как Улан Ержанович, открывает новые возможности для развития отечественной аграрной науки. Их знания, энергия и стремление к поиску современных решений становятся прочной основой технологического обновления сельского хозяйства Казахстана.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X