Последние новости

Соңғы жаңалықтар

22.05.2026

ҚазҰАЗУ-де халықаралық ғылыми іс-шара өтті

Dark Mode

Бүгін Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде Қытай Халық Республикасының делегациясы қатысқан халықаралық ғылыми іс-шара өтті. Кездесу KAZNAZU конференц-залында ұйымдастырылып, азық-түлік қауіпсіздігі, стратегиялық резервтер және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне арналды.

Іс-шара барысында қатысушылар ғылыми тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау, өңдеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы заманауи технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.

Шараға Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының (ҚазЕжӨШҒЗИ) қызметкерлері де қатысты. Институт атынан «Үшқоңыр» білім тарату орталығының жетекшісі Сейткәрім Қалтаев сөз сөйледі.

Кездесу аясында ұйымдардың ғылыми және өндірістік жетістіктері таныстырылып, болашақтағы халықаралық ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

В КазНАИУ прошло международное научное мероприятие

Сегодня в Казахском национальном аграрном исследовательском университете состоялось международное научное мероприятие с участием представителей научно-исследовательских организаций и зарубежной делегации Китайской Народной Республики. Встреча прошла в конференц-зале KAZNAZU и была посвящена вопросам международного сотрудничества в сфере продовольственной безопасности, стратегических резервов и агропромышленного комплекса.

В ходе мероприятия участники обсудили перспективы научного взаимодействия, обмена опытом и внедрения современных технологий в области хранения, переработки и обеспечения безопасности сельскохозяйственной продукции.

Активное участие в мероприятии приняли сотрудники Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР). От имени института выступил руководитель Центра распространения знаний «Ушконыр» Сейткарим Калтаев.

В рамках встречи участники представили научно-исследовательские и производственные достижения своих организаций, обсудили перспективы дальнейшего международного сотрудничества и реализации совместных проектов.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X