Последние новости

Соңғы жаңалықтар

03.11.2026

Қытай делегациясы ҚазЕжӨШҒЗИ келді

Dark Mode

Бүгін, 3 қарашада Екінші Тянь-Шань форумына қатысу үшін Қазақстанға келген Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының делегациясы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына жұмыс сапарымен келді.

«Орталық Азиядағы орнықты өзара байланысты және сапалы инвестицияларды нығайту» тақырыбындағы Тянь-Шань форумы Алматы қаласында өтті. Іс-шара мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының, ғылыми және іскерлік қоғамдастықтың 200-ден астам өкілін біріктірді. Форумда өңірлік интеграция, инвестициялар, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, экологиялық ауыл шаруашылығы және ауылдық аумақтарды орнықты дамыту мәселелері талқыланды.

Делегацияны Шыңжаң Ұйғыр автономиялық районы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының вице-президенті Ма Ин бастап келді. Ол Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы ғылыми-технологиялық ынтымақтастықты дамытуға, селекция мен тұқым шаруашылығына, ауыл шаруашылығын цифрландыруға және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге ерекше көңіл бөліп келеді.

Делегация құрамында Ауыл шаруашылығы дақылдары институтының директоры Чжан Юэцян, Мақта институтының директоры Кун Цзе, Ауыл шаруашылығы дақылдары институтының ғылыми қызметкері Сайлихан Сай, кеңсе меңгерушісі Гу Бэй және Ғылыми-техникалық ынтымақтастық және алмасу департаментінің қызметкері Фейружа Айкеранму болды.

Кездесу барысында тараптар бірлескен ғылыми жобалардың іске асырылуы мен нәтижелерін, ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттарын сынауды, тұқым шаруашылығы мен мақта селекциясын дамытуды, жылыжай кешенінде зерттеулер жүргізуді және заманауи агротехнологияларды өндіріске енгізуді талқылады. Қытайлық мамандар институттың ғылыми инфрақұрылымымен және негізгі қызмет бағыттарымен танысты.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева институт пен Шыңжаң Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы арасындағы халықаралық ынтымақтастықтың ғылыми, экономикалық және стратегиялық әлеуеті зор екенін атап өтті. Мұндай серіктестіктің басты мақсаты – Қазақстан мен Қытайдың ғылыми әлеуетін біріктіріп, егіншілік, селекция, тұқым шаруашылығы, биотехнология, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарын қуаңшылық пен климаттың өзгеруіне бейімдеу салаларындағы ортақ міндеттерді шешу.

«Ғылымда шекара жоқ. Біз үшін халықаралық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және су ресурстарын тиімді пайдаланудың су үнемдеу технологиялары, жасанды интеллектіні қолдану, селекциядағы молекулалық-генетикалық әдістер, сондай-ақ екі елдің заңнамасына сәйкес генетикалық ресурстар мен селекциялық материалдар алмасу бағыттарында өзара тиімді бірлескен зерттеулер жүргізу өте маңызды», – деді Шолпан Бастаубаева.

Ма Ин институт басшылығы мен ұжымына жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, ғылыми ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді. Кездесу серіктестікті нығайтуға, инвестиция тартуға және аграрлық ғылым саласындағы жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған маңызды қадам болды.

Китайская делегация посетила КазНИИЗиР

Сегодня, 3 ноября, делегация Академии сельскохозяйственных наук Синьцзян-Уйгурского автономного района, прибывшая в Казахстан для участия во Втором Тянь-Шаньском форуме, посетила Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства.

Тянь-Шаньский форум проходила в Алматы под темой «Укрепление устойчивой взаимосвязанности и качественных инвестиций в Центральной Азии». Он объединил более 200 представителей государственных органов, международных организаций, финансовых институтов, научного и делового сообщества. В центре обсуждения – региональная интеграция, инвестиции, цифровые технологии, искусственный интеллект, экологическое сельское хозяйство и устойчивое развитие сельских территорий.

Делегацию возглавила вице-президент Академии сельскохозяйственных наук Синьцзян-Уйгурского автономного района Ма Ин. В своей деятельности она уделяет особое внимание развитию научно-технологического сотрудничества Китая со странами Центральной Азии, селекции и семеноводству, цифровизации сельского хозяйства и внедрению научных разработок в производство.

В состав делегации также вошли директор Института сельскохозяйственных культур Чжан Юэцян, директор Института хлопка Кун Цзе, научный сотрудник Института сельскохозяйственных культур Сайлихан Сай заведующий канцелярией Гу Бэй, и сотрудник Департамента научно-технического сотрудничества и обмена Фейружа Айкеранму.

В ходе встречи стороны обсудили реализацию и результаты совместных научных проектов, испытание новых сортов сельскохозяйственных культур, развитие семеноводства и селекции хлопка, проведение исследований в тепличном комплексе и внедрение современных агротехнологий. Китайские специалисты ознакомились с научной инфраструктурой и основными направлениями деятельности института.

Председатель правления Казахского НИИ земледелия и растениеводства Шолпан Бастаубаева отметила, что международное сотрудничество между институтом и Синьцзянской академией аграрных наук имеет значительный научный, экономический и стратегический потенциал. Главная цель такого сотрудничества – объединение научного потенциала Казахстана и Китая для решения общих задач в области земледелия, селекции, семеноводства, биотехнологии и адаптации сельскохозяйственных культур к засушливым условиям и изменению климата.

«У науки нет границ. Для нас очень важно развивать международное сотрудничество, обмениваться опытом и проводить совместные взаимовыгодные исследования по водосберегающей технологии использования водных ресурсов, использованию искусственного интелекта, применению молекулярно-генетических методов в селекции, обменом генетическими ресурсами и селекционнымматеиалом в соответствии с законодательством обеих стран», – подчеркнула Шолпан Бастаубаева.

Ма Ин поблагодарила руководство и коллектив института за тёплый приём и выразила заинтересованность в дальнейшем расширении научного сотрудничества. Встреча стала важным шагом к укреплению партнёрства, привлечению инвестиций и реализации новых совместных проектов в аграрной науке.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X