Последние новости

Соңғы жаңалықтар

22.09.2026

Қытайдың Солтүстік-Шығыс Ауыл Шаруашылығы Университетінің делегациясы ҚазЕжӨШҒЗИ келді

Dark Mode

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Қытайдың Солтүстік-Шығыс ауыл шаруашылығы университетінің делегациясы келді. Қонақтар институттың ғылыми қызметімен, зертханаларымен және селекциялық-тәжірибелік базасымен танысып, бірлескен зерттеулердің келешегін талқылады.

Делегация құрамында Ауыл шаруашылығы саласындағы перспективалық зерттеулер институты директорының орынбасары, Селекциялық технологиялар саласындағы халықаралық зерттеулер институтының басшысы Кан Лигун, Халықаралық алмасу және ынтымақтастық бөлімі басшысының орынбасары Чи Юн, «Хэйлунцзян Дунъюнь Агрикалчер Сайенс энд Технолоджи Ко., Лтд.» компаниясының басқарма төрағасы Ши Лэй және бас менеджері Ди Синь болды. Сонымен қатар кездесуге Ауыл шаруашылығы колледжінің профессорлары, күріш селекциясының маманы Лю Хуалун, соя селекциясының маманы Ян Минлян және соя өсіру технологиясының маманы Дун Шоучунь қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы соя селекциясы мен тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық болды. Делегация өкілдері Қытайдың АҚШ пен Оңтүстік Америка елдерінен сояның үлкен көлемін сатып алатынын айтты. Осыған байланысты Қытай тарапы Қазақстаннан соя жеткізу мүмкіндіктерін зерттеуге мүдделі екенін білдірді.

Қонақтар сояның орташа өнімділігі және оны суармай өсіру мүмкіндігі туралы сұрады. ҚазЕжӨШҒЗИ өкілдері Қазақстандағы соя егістігінің шамамен 90%-ы Алматы облысында орналасқанын хабарлады.

Тараптар ғылыми ынтымақтастықты, сондай-ақ соя, бидай және жүгері үлгілерімен алмасуды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандумды пысықтауға келісті.

«Біз екі тараптың өзара мүдделерін жан-жақты талқылап, қандай дақылдардың қанша үлгісімен алмасатынымызды анықтаймыз. Ынтымақтастық барлық тарап үшін тиімді болуы керек», – деді ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Азамат Хидиров.

Оның айтуынша, берілетін тұқым материалы тиісті сертификаттармен және Ауыл шаруашылығы министрлігінің рұқсат құжаттарымен қамтамасыз етіледі. ҚазЕжӨШҒЗИ қазіргі уақытта Қытайдың бірқатар компаниялары және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнатқан.

Кездесу қорытындысында тараптар келіссөздерді жалғастырып, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға қажетті құжаттарды дайындауға әзір екенін білдірді.

ДЕЛЕГАЦИЯ СЕВЕРО-ВОСТОЧНОГО СЕЛЬСКОХОЗЯЙСТВЕННОГО УНИВЕРСИТЕТА КИТАЯ ПОСЕТИЛА КАЗНИИЗиР

Сегодня Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетила делегация Северо-Восточного сельскохозяйственного университета Китая. Гости ознакомились с научной деятельностью института, его лабораториями и селекционно-опытной базой, а также обсудили перспективы совместных исследований.

В состав делегации вошли заместитель директора Института перспективных исследований сельского хозяйства, руководитель Института международных исследований в области селекционных технологий Кан Лигун, заместитель начальника отдела международного обмена и сотрудничества Чи Юн, председатель правления компании «Хэйлунцзян Дунъюнь Агрикалчер Сайенс энд Технолоджи Ко., Лтд.» Ши Лэй и генеральный менеджер компании Ди Синь. В институт также прибыли профессора Колледжа сельского хозяйства Лю Хуалун, Ян Минлян и Дун Шоучунь – специалисты в области селекции риса и сои, а также технологии возделывания сои.

Основной темой встречи стало сотрудничество в сфере селекции и семеноводства сои. Представители делегации отметили, что Китай закупает значительные объёмы сои в США и странах Южной Америки. В связи с этим китайская сторона заинтересована в изучении возможностей поставок сои из Казахстана.

Гости задали вопросы о средней урожайности культуры и возможности её выращивания без орошения. Представители КазНИИЗиР сообщили, что около 90% посевов сои в Казахстане сосредоточено в Алматинской области.

Стороны договорились проработать меморандум о взаимопонимании, предусматривающий научное сотрудничество и обмен образцами сои, пшеницы и кукурузы.

«Мы подробно обсудим взаимные интересы и определим, какие образцы и в каком количестве каждая сторона готова предоставить. Обмен должен быть взаимовыгодным», – отметил заместитель Председателя правления КазНИИЗиР по науке Азамат Хидиров.

Он также пояснил, что передаваемый семенной материал будет сопровождаться необходимыми сертификатами и разрешительными документами Министерства сельского хозяйства. КазНИИЗиР уже сотрудничает с рядом китайских компаний и научно-исследовательских институтов.

По итогам встречи стороны выразили готовность продолжить переговоры и приступить к подготовке документов для реализации совместных научных проектов.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X