Өңірлік ғылым – аграрлық дамудың басты қозғаушы күші
2026 жылғы 5–6 мамыр күндері Қызылорда облысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президиумының көшпелі отырысы өтті. «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір!» тақырыбымен ұйымдастырылған маңызды жиынға еліміздің жетекші ғалымдары, аграрлық сала мамандары мен өңір басшылығы қатысты.

Аталған іс-шараға Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұжымы да белсенді қатысып, институттың Басқарма Төрағасы Шолпан Бастаубаева өңірдің агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту мәселелеріне арналған мазмұнды баяндама жасады.
Өз сөзінде Шолпан Оразқызы Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы табиғи-климаттық ерекшеліктерімен дараланатынын атап өтті. Өңірде су тапшылығы, топырақтың тұздануы және климаттың өзгеруі аграрлық сектор алдына жаңа міндеттер қойып отырғанын жеткізді. Осыған байланысты қазіргі кезеңде құрғақшылыққа және тұзға төзімді дақылдарды өндіріске енгізудің маңызы артып келеді.
Баяндамашы институттың ғылыми әлеуетіне ерекше тоқталып өтті. Бүгінде институтта 110 ғылыми қызметкер еңбек етеді, 15 зертхана жұмыс істейді және еліміздің әртүрлі өңірлеріне бейімделген 215 сорт пен будан мемлекеттік тізілімге енгізілген. Сонымен қатар, 50 мыңнан астам генетикалық қор сақталып, ондаған инновациялық агротехнология әзірленген.
Жиын барысында Қызылорда облысында егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды. Соңғы жылдары су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында күріш алқаптарын қысқартып, оның орнына жүгері, майбұршақ, құмай, судан шөбі және малазықтық дақылдарды өсіруге басымдық берілуде. Бұл бағыт өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға және ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Шолпан Бастаубаева өз баяндамасында жүгері өндірісінің болашағына да кеңінен тоқталды. Қазіргі таңда Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жүгеріні терең өңдеу саласы қарқынды дамып келеді. Соның ішінде Қызылорда облысында жаңа өңдеу зауытының іске қосылуы алдағы уақытта жүгері мен майбұршақ егістігінің көлемін ұлғайтуға негіз болмақ. Институт ғалымдары өңір жағдайына бейімделген жоғары өнімді сорттар мен будандардын шаруашылықтарға ұсынуға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар, институт селекция саласындағы жетістіктерін таныстырып, Қызылорда облысында пайдалануға ұсынылған бидай, арпа, жүгері, майбұршақ және жоңышқа сорттарының артықшылықтарына тоқталды. Ғалымдардың айтуынша, бұл сорттар құрғақшылыққа төзімділігімен, өнімділігімен және топырақтың тұздануына бейімділігімен ерекшеленеді.
Іс-шара қорытындысында өңірлік ғылымды дамыту ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды фактор екені атап өтілді. Институт ғалымдары Қызылорда облысының аграрлық секторына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуге әрдайым дайын екендерін жеткізді.
Региональная наука как основа устойчивого развития аграрного сектора
5–6 мая 2026 года в Кызылординской области состоялось выездное заседание Президиума Национальной Академии наук Республики Казахстан при Президенте Республики Казахстан на тему «Сильная региональная наука – сильный регион!». В работе заседания приняли участие ведущие ученые страны, представители государственных органов, аграрного бизнеса и научного сообщества.
Активное участие в мероприятии принял Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства. Председатель правления института Шолпан Бастаубаева выступила с докладом, посвященным вопросам устойчивого развития агропромышленного комплекса Кызылординской области в условиях изменения климата и дефицита водных ресурсов.
В своем выступлении Шолпан Оразовна отметила, что сельское хозяйство региона имеет свои особенности, связанные с жарким климатом, засолением почв и ограниченностью водных ресурсов. В этих условиях особую актуальность приобретают научные разработки, направленные на внедрение засухо- и солеустойчивых сельскохозяйственных культур.

Особое внимание в докладе было уделено научному потенциалу института. Сегодня в институте работают 110 научных сотрудников, функционируют 15 специализированных лабораторий, а в государственный реестр включены 215 сортов и гибридов сельскохозяйственных культур, адаптированных к различным почвенно-климатическим условиям Казахстана.
В ходе заседания были рассмотрены перспективы диверсификации посевных площадей в Кызылординской области. В связи с необходимостью рационального использования воды в регионе постепенно сокращаются площади риса и увеличиваются посевы кукурузы, сои, сорго, суданской травы и кормовых культур. По мнению ученых, такой подход позволит повысить устойчивость аграрного производства и улучшить экологическую ситуацию в регионе.
Отдельно в докладе были отмечены перспективы развития кукурузоводства. В южных регионах Казахстана активно развивается отрасль глубокой переработки кукурузы, а строительство нового перерабатывающего предприятия в Кызылординской области создаст дополнительный спрос на данную культуру. Институт готов обеспечить сельхозтоваропроизводителей региона современными высокоурожайными сортами и гибридами, адаптированными к местным условиям.
Также были представлены достижения института в области селекции. Ученые рассказали о сортах пшеницы, ячменя, кукурузы, сои и люцерны, рекомендованных для выращивания в Кызылординской области. Эти сорта отличаются устойчивостью к засухе, солевым почвам и способны обеспечивать стабильный урожай даже в сложных климатических условиях.
По итогам заседания участники подчеркнули, что развитие региональной науки является важнейшим фактором устойчивого развития сельского хозяйства и обеспечения продовольственной безопасности страны. Представители института выразили готовность и дальше оказывать научно-методическую поддержку аграриям региона.
