Құрметті Ғалиолла Төлендіұлы!
Сізді Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы – «Парасат» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мәртебелі марапат – Сіздің отандық ғылымды, соның ішінде аграрлық ғылымды дамытуға, еліміздің ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге қосқан өлшеусіз үлесіңіздің, көпжылдық қажырлы еңбегіңіз бен жоғары кәсіби біліктілігіңіздің лайықты бағасы.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық пен бақ-береке, қажымас қайрат және толағай табыс тілеймін! Еліміздің игілігі жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, абыройыңыз асқақтап, мерейіңіз әрдайым үстем болсын!
Мәртебелі марапатыңыз құтты болсын!
Сонымен қатар «Ауыл» партиясының басшылығына, партия төрағасы Қайрат Айтуғановқа және партия мүшелеріне академик Ғалиолла Төлендіұлының еңбегін жоғары бағалап, оны еліміздің жоғары мемлекеттік наградасы – «Парасат» орденіне ұсынғандарыңыз үшін барша аграрлық ғалымдар мен Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымы атынан шынайы алғысымды білдіремін.
Ғалымның еңбегін бағалау және ғылым өкілдеріне қолдау көрсету – жас ұрпаққа үлгі әрі отандық ғылымға деген құрметтің айқын көрінісі.
Осындай игі бастамаларыңыз бен азаматтық қолдауларыңыз үшін «Ауыл» партиясына зор ризашылығымды білдіремін! Еліміздің игілігі жолындағы еңбектеріңізге табыс, партия жұмысына береке тілеймін!
Құрметпен, ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрайымы Шолпан Бастаубаева
Уважаемый Галиолла Тулендинович!
От всей души поздравляю Вас с награждением высокой государственной наградой Республики Казахстан – орденом «Парасат»!
Эта почётная награда является заслуженным признанием Вашего многолетнего плодотворного труда, высокого профессионализма и значительного вклада в развитие отечественной науки, в особенности аграрной науки и сельского хозяйства нашей страны.
Желаю Вам крепкого здоровья, семейного благополучия, неиссякаемой энергии и новых успехов! Пусть Ваш труд во благо страны и впредь приносит достойные результаты, а Ваш авторитет и признание продолжают расти!
Поздравляю Вас с заслуженной наградой!
От имени аграрных учёных и коллектива Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства выражаю искреннюю благодарность руководству партии «Ауыл», её председателю Кайрату Айтуганову и всем членам партии за высокую оценку заслуг академика Галиоллы Тулендиновича и выдвижение его кандидатуры на награждение орденом «Парасат».
Признание заслуг учёного и поддержка представителей науки служат достойным примером для молодого поколения и являются ярким проявлением уважения к отечественной науке.
Выражаю партии «Ауыл» глубокую признательность за эту благородную инициативу и гражданскую поддержку! Желаю вам успехов в труде на благо страны, благополучия и дальнейшей плодотворной деятельности!
С уважением, Председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева
@agro__press @nasec
