Последние новости

Соңғы жаңалықтар

18.11.2026

Қазақстандық ғалым Қытайда зерттеулерін таныстырды

Dark Mode

2026 жылғы 7–12 қараша аралығында ҚазЕжӨШҒЗИ бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор Шынболат Рсалиев Қытай Халық Республикасына ғылыми сапармен барды.

Янлин қаласында ғалым «Құрғақ аймақтардағы өсімдік ауруларының алдын алу және оларға қарсы күрес» атты І халықаралық симпозиумның жұмысына қатысты. Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің Өсімдіктерді қорғау колледжі ұйымдастырған іс-шараға Австралия, Ұлыбритания, Германия, Өзбекстан, Қазақстан және Қытай ғалымдары жиналды. Қатысушылар ғылыми баяндамалар жасап, зерттеу нәтижелері мен тәжірибелері жөнінде пікір алмасты.

Шынболат Рсалиев симпозиумда «Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі бидайдың қауіпті аурулары мен зиянкестері» (Dangerous Diseases and Pests of Wheat in the Southern Region of Kazakhstan) тақырыбында ағылшын тілінде баяндама жасады. Ғалым бидай татының түрлері мен зиянды бақашық қандаласына қатысты зерттеу нәтижелерін таныстырып, соңғы екі жылда Scopus дерекқорына кіретін басылымдарда жарық көрген ғылыми еңбектеріне шолу жасады.

Сапар аясында профессор Шанхай қаласындағы ЭКСПО орталығында өткен XXIV халықаралық кәсіби алмасу конференциясына да қатысты. Оның пленарлық отырысына әлемнің 40-тан астам университетінен екі мыңға жуық ғалым мен маман жиналды.

Конференция алаңында өсімдіктерді қорғау саласындағы танымал ғалымдар Х. Канмен (h-индексі – 68), Р. Паркпен (h-индексі – 46), сондай-ақ осы бағытта еңбек етіп жүрген жас зерттеушілермен саланың өзекті мәселелері мен жаңа ғылыми идеялар талқыланды.

Кездесулер барысында Қытай мен Австралия ғалымдары Қазақстанның кең аумағында өсірілетін дәнді дақылдардың аурулары мен зиянкестерін бірлесіп зерттеуге зор қызығушылық танытты. Бұл алдағы уақытта халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтіп, бірлескен зерттеулер жүргізуге жаңа мүмкіндік береді.

Ғылыми сапар Қытайдың Солтүстік-Батыс ауыл және орман шаруашылығы университетінің қаржылай қолдауымен жүзеге асырылды.

КАЗАХСТАНСКИЙ УЧЁНЫЙ ПРЕДСТАВИЛ ИССЛЕДОВАНИЯ В КИТАЕ

С 7 по 12 ноября 2026 года главный научный сотрудник КазНИИЗиР, доктор биологических наук, профессор Шынболат Рсалиев посетил Китайскую Народную Республику с научным визитом.

В городе Янлин учёный принял участие в работе I Международного симпозиума «Профилактика и борьба с болезнями растений в засушливых регионах». Мероприятие было организовано Колледжем защиты растений Северо-Западного университета сельского и лесного хозяйства. Оно объединило исследователей из Австралии, Великобритании, Германии, Узбекистана, Казахстана и Китая, которые представили научные доклады и обменялись результатами исследований.

Шынболат Рсалиев выступил на английском языке с докладом «Опасные болезни и вредители пшеницы южного региона Казахстана» (Dangerous Diseases and Pests of Wheat in the Southern Region of Kazakhstan). Он представил результаты исследований видов ржавчины пшеницы и вредной черепашки, а также сделал обзор научных работ, опубликованных за последние два года в изданиях, индексируемых в базе Scopus.

В рамках поездки профессор также принял участие в XXIV Международной конференции по обмену профессионалами, прошедшей в ЭКСПО-центре Шанхая. Пленарное заседание собрало около двух тысяч учёных и специалистов, представлявших более 40 университетов мира.

На полях конференции состоялось обсуждение актуальных проблем и перспективных научных идей с ведущими специалистами в области защиты растений – Х. Кангом (индекс Хирша – 68), Р. Парком (индекс Хирша – 46), а также с молодыми исследователями, работающими в этом направлении.

Учёные из Китая и Австралии проявили большой интерес к совместному изучению болезней и вредителей зерновых культур в Казахстане. Учитывая значительные площади посевов в нашей стране, такое сотрудничество открывает новые возможности для реализации международных исследовательских проектов и обмена научным опытом.

Научный визит состоялся при финансовой поддержке Северо-Западного университета сельского и лесного хозяйства Китая.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X