Последние новости

Соңғы жаңалықтар

15.05.2026

ҚазЕжӨШҒЗИ-да Ұлттық генбанк құру мәселесіне арналған жиын өтті

Dark Mode

Бүгін ҚазЕжӨШҒЗИ базасында Қазақстандағы Ұлттық генбанк жүйесін құру және өсімдік генетикалық ресурстарын ресми тіркеу мәселелеріне арналған кеңейтілген жиын өтті.

Жиында институт мамандары мен ғалымдары еліміздегі өсімдік генетикалық қорын сақтау, тіркеу және халықаралық стандарттарға сәйкестендіру бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаеваның айтуынша, қазіргі таңда институт Ұлттық генбанк мәртебесін алу және барлық генетикалық ресурстарды ресми тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бүгінде өсімдіктер генофонды зертханасында 36 мың 80 үлгі сақтау қорына орналастырылған. Ал 2022 жылғы инвентаризация нәтижесінде 64 мыңнан астам үлгі тіркелгені анықталған. Соның ішінде құжаттық талаптарға сәйкес шамамен 56 мың үлгі тіркеуге ұсынылған.

Шолпан Бастаубаева кеше «ҰАҒБО» өкілдерімен арнайы кеңес өткенін, ал дүйсенбі күні барлық құжаттар Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жолданатынын айтты.

«Қазақстанда мұндай жұмысты ешбір ғылыми институт жүргізген жоқ. Біз бұл бағытта алғашқы қадам жасап отырған ұйымбыз», – деді ол.

Оның айтуынша, 2023 жылы қабылданған «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң мен оған қатысты өсімдік ресурстарын тіркеу және сақтау жөніндегі екі нормативтік акт негізінде барлық қажетті құжат дайындалған.

Жиында биология ғылымдарының докторы, профессор, Қаз-ЕжӨШҒЗИ-ың аға ғылыми қызметкері Минура Есімбекова да баяндама жасап, Қазақстанда генетикалық ресурстарды сақтау мәселесі ұзақ жылдар бойы ғылыми жобалар деңгейінде ғана қалып келгенін айтты.

«25 жыл бойы генетикалық ресурстар зерттеліп, коллекциялар жиналды. Бірақ жобалар аяқталған соң олардың бір бөлігі жоғалып кетіп отырды. Енді “Өсімдіктер дүниесі туралы” заң мемлекетке бұл коллекциялардың сақталуына жауапкершілік жүктеуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Минура Есімбекованың сөзінше, ҚазЕжӨШҒЗИ 2000 жылдан бері республика бойынша бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларының үйлестірушісі болып келеді. Бүгінде институт бағдарламаларына 15 ғылыми ұйым қатысады.

Ғалым Қазақстанда кейбір бірегей коллекциялардың сақталмай жоғалып кеткенін де атап өтті. Соның ішінде Арал өңіріндегі тәжірибе станциясында жиналған қазақтың дәстүрлі дақылдарының құнды коллекцияларының көбі жойылған.

ҚазЕжӨШҒЗИ-да қазіргі уақытта халықаралық FAO стандарттарына сәйкес келетін минус 10 градус температурадағы арнайы сақтау қоймасы құрылған. Институтта материалдарды қабылдау, кептіру, қаптау, биологиялық бағалау, ауруға төзімділік пен молекулалық маркерлеу зертханалары жұмыс істейді.

Бүгінде институт қорында 7 топқа кіретін 63 дақыл, 15 тұқымдас, 57 туыс және 71 түр бойынша 36 мыңнан астам үлгі сақтаулы. Оның ішінде:

21 765 астық дақылы,

956 дәнді-бұршақты дақыл,

550 техникалық дақыл,

3252 малазықтық дақыл,

4105 жармалық дақыл,

2 мыңнан астам көкөніс үлгілері бар.

Сонымен қатар жиында халықаралық генбанк құру мәселесі де қозғалды. Шолпан Бастаубаеваның айтуынша, қазіргі уақытта ислам елдерінің халықаралық генбанкін қалыптастыру бойынша жол картасы қабылданған және жұмыс осы бағытта жалғасады.

В КазНИИЗиР прошло совещание по созданию Национального генбанка Казахстана

Сегодня в КазНИИЗиР состоялось расширенное совещание, посвящённое созданию Национального генбанка Казахстана и регистрации генетических ресурсов растений.

В ходе встречи учёные и специалисты института рассказали о работе по инвентаризации, сохранению и регистрации коллекций растительных генетических ресурсов в соответствии с международными стандартами.

Председатель правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева сообщила, что институт ведёт работу по получению статуса Национального генбанка и официальной регистрации всех имеющихся коллекций.

На сегодняшний день в лаборатории генофонда растений на хранение заложено 36 080 образцов. При этом инвентаризация 2022 года выявила более 64 тысяч образцов, а порядка 56 тысяч были подготовлены для регистрации согласно документационным требованиям.

По словам Шолпан Бастаубаевой, накануне прошло совещание с представителями НАНОЦ, а уже в понедельник пакет документов будет направлен в Министерство экологии и природных ресурсов РК.

«В Казахстане ни один научный институт ранее не проводил подобную работу. Мы выступаем первопроходцами в этом направлении», – отметила она.

Работа ведётся в рамках закона «О растительном мире», принятого в 2023 году, а также подзаконных актов, регулирующих порядок регистрации и хранения генетических ресурсов растений.

Доктор биологических наук, профессор, старший научный сотрудник КазНИИЗиР Минура Есимбекова подчеркнула, что Казахстан подошёл к историческому этапу в вопросе сохранения генетических ресурсов.

«На протяжении почти 25 лет собирались коллекции и проводились исследования, однако после завершения проектов часть материалов терялась. Новый закон позволяет возложить ответственность за сохранность коллекций на государство», – сказала она.

По её словам, с 2000 года КазНИИЗиР является координирующей организацией программ ПЦФ по всей республике, а в научных программах института участвуют 15 организаций системы НАНОЦ.

Минура Есимбекова также отметила, что в Казахстане уже были случаи утраты уникальных коллекций. В частности, была практически полностью потеряна ценная коллекция культур Приаральской опытной станции из-за отсутствия финансирования на её сохранение.

Сегодня в институте создано специализированное хранилище с температурным режимом минус 10 градусов, соответствующее международным стандартам FAO. Имеются лаборатории биооценки качества зерна, устойчивости к болезням, молекулярного маркирования и идентификации, а также оборудование для приёма, сушки и упаковки материалов.

В настоящее время в КазНИИЗиР хранится более 36 тысяч образцов, включая:

21 765 образцов зерновых культур,

956 зернобобовых,

550 технических культур,

3252 кормовых культур,

4105 крупяных культур,

более 2 тысяч овощных образцов.

Также в ходе совещания было отмечено, что параллельно ведётся работа по организации международного генбанка исламских стран. По словам Шолпан Бастаубаевой, соответствующая дорожная карта уже подписана, и работа в этом направлении будет продолжена.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X