Последние новости

Соңғы жаңалықтар

18.05.2026

ҚазЕжӨШҒЗИ-да «Жас селекционер» халықаралық мектебі жұмысын бастады

Dark Mode

Бүгін ҚазЕжӨШҒЗИ базасында жас ғалымдар мен селекция саласының мамандарын біріктірген «Жас селекционер» халықаралық мектебінің ашылуы өтті.

Халықаралық мектеп жұмысына Қырғызстан, Шығыс Қазақстан облысы, Қызылорда облысы және Грузия елдері мен өңірлерінен келген қонақтар қатысуда. Сонымен қатар Өзбекстан делегациясының келуі күтілуде.

Іс-шараның ашылуында ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының академигі Шолпан Бастаубаева және А.И. Бараев атындағы ғылыми-өндірістік орталықтың биология ғылымдарының докторы Алексей Моргунов құттықтау сөз сөйледі.

Бағдарламаның алғашқы күні қатысушылар институт мұражайын және Қазақстанның өсімдік генетикалық ресурстары сақталатын қорды аралады. Өсімдіктер генқоры бөлімінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор Минура Есимбекова генетикалық ресурстар үлгілерін сақтау әдістері бойынша дәріс оқыды.

Сонымен қатар өсімдіктерді молекулалық-биологиялық талдау зертханасының меңгерушісі Шынар Маскират бидай селекциясы мен тұқым шаруашылығындағы молекулалық-биологиялық әдістер туралы дәріс өткізді. Күн соңында қатысушылар тәжірибелік сабақтарға қатысады.

19 мамыр күні қатысушылар үшін бидайды будандастырудың ТВЭЛ-әдісін меңгеру бойынша тәжірибелік оқу ұйымдастырылады. Сабақ барысында бидай гүлдерін кастрациялау және қолдан тозаңдандыру тәсілдері үйретіледі. Практикалық сабақты дәнді дақылдар зертханасының меңгерушісі Бақыт Айнебекова жүргізеді. Сондай-ақ in vitro тозаңқап мәдениеті әдісі мен ДНҚ сәйкестендіруге арналған ПТР қою бойынша дәріс жоспарланған.

В КазНИИЗиР начала работу Международная школа «Молодой селекционер»

Сегодня в КазНИИЗиР состоялось открытие Международной школы «Молодой селекционер», объединившей молодых ученых, исследователей и специалистов в области селекции и семеноводства.

В работе школы принимают участие гости из Кыргызстана, Восточно-Казахстанской области, Кызылординской области и Грузии. Также ожидается приезд участников из Узбекистана.

С приветственным словом на открытии выступили Председатель правления ТОО КазНИИЗиР, кандидат сельскохозяйственных наук, профессор, академик Национальной академии аграрных наук Шолпан Бастаубаева, а также доктор биологических наук Алексей Моргунов из Научно-производственного центра им. А.И. Бараева.

В рамках первого дня участники посетили музей института и хранилище генетических ресурсов растений Казахстана. Доктор биологических наук, профессор Минура Есимбекова прочитала лекцию о методах хранения образцов генетических ресурсов растений.

Также состоялась лекция по молекулярно-биологическим методам в селекции и семеноводстве пшеницы, которую провела заведующая лабораторией молекулярно-биологического анализа растений Шынар Маскират. После лекций для участников организовали практические занятия.

На 19 мая запланировано практическое обучение ТВЭЛ-методу гибридизации пшеницы, включая технику кастрации цветков и искусственного опыления. Занятия проведет заведующая лабораторией зерновых культур Бакыт Айнебекова. Также участники прослушают лекцию по методу культуры пыльников in vitro и постановке ПЦР для ДНК-идентификации.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X