ҚазЕжӨШҒЗИ-де ғылым мен отбасыны қатар алып жүрген көпбалалы аналар еңбек етеді
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында еңбек етіп жүрген көпбалалы аналардың еңбегі мен отбасы құндылығы ерекше аталып өтуде.
Институттың аға зертханашысы Ақжан Еспембетова 2015 жылдан бері ҚазЕжӨШҒЗИ-де қызмет етеді. Ол Түркістан облысы Кентау қаласының тумасы. Ақжан төрт баланың анасы – Инабат, Сымбат, Саят және Азаматты тәрбиелеп отыр. Үлкен қызы биыл 11-сыныпты аяқтаса, кенже ұлы алғаш рет мектеп табалдырығын аттамақ.

«Менің өмірім ғылыммен тығыз байланысты. Студент кезімнен бастап еңбек етіп келемін. Көпбалалы ана болу – үлкен жауапкершілік. Балалар – өмірдің мәні мен қуанышы. Баршаңызды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Әр шаңырақта бала күлкісі естіліп, елімізде көпбалалы отбасыларға қолдау арта берсін», – деді Ақжан Еспембетова.

Сонымен қатар ол балалардың жоғары оқу орындарына түсуіне жеңілдіктер мен қоғамдық көлікте қолдау шаралары маңызды екенін атап өтті.
Институт қызметкері, аға зертханашысы Ақтоты Қозыбакова да үлкен отбасы тәрбиелеп отырған аналардың бірі. Ол Жамбыл облысы Жаңатас қаласында дүниеге келген. Ұлы Ернияз – 1 курс студенті, қызы Кәусар 10-сыныпты аяқтады, Інжу 5-сыныпта, Саттар 3-сыныпта оқиды, ал кенже қызы Күнімай балабақшаға барады.
«Балалар бізге күш-қуат пен шабыт береді. Әрбір бала бақытты, білімді әрі дені сау болып өссе екен деймін. Барша бүлдіршіндерге жарқын болашақ, ал ата-аналарға амандық тілеймін», – деді Ақтоты Қозыбакова.
В КазНИИЗиР работают многодетные мамы, посвящающие себя семье и науке
1 июня в Казахстане отмечается Международный день защиты детей – праздник, напоминающий о важности семьи, заботы и счастливого детства. В Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства трудятся многодетные мамы, которые успешно совмещают работу в науке и воспитание детей.
Старший лаборант КазНИИЗиР Акжан Еспембетова работает в институте с 2015 года. Родом она из города Кентау Туркестанской области. Акжан – многодетная мама, воспитывающая четверых детей: Инабат, Сымбат, Саят и Азамат. Старшая дочь в этом году оканчивает 11 класс, а младший сын осенью впервые пойдет в школу.
«Вся моя жизнь связана с наукой. Еще со второго курса начала работать. Конечно, быть многодетной мамой непросто, но дети – это счастье и большая мотивация двигаться вперед. Поздравляю всех с Днем защиты детей! Пусть в каждой семье звучит детский смех, а государство и дальше поддерживает многодетные семьи», – отметила Акжан Еспембетова.

Она также подчеркнула, что для семей важны дополнительные меры поддержки – помощь при поступлении детей в вузы и льготы на общественный транспорт.
Еще одна сотрудница института, старший лаборант – Актоты Козыбакова, родившаяся в городе Жанатас Жамбылской области, также воспитывает большую семью. Ее старший сын Ернияз – студент первого курса, дочь Каусар окончила 10 класс, Инжу – 5 класс, Саттар – 3 класс, а младшая Күнімай посещает детский сад.

«Дети вдохновляют нас становиться сильнее, терпеливее и добрее. Самое главное, чтобы они росли здоровыми, образованными и счастливыми. Желаю всем детям яркого детства, а родителям – благополучия и радости», – поделилась Актоты Козыбакова.
@agro__press @nasec
