Последние новости

Соңғы жаңалықтар

31.08.2026

Қазақстандық Ғалымдар Iii Central Asian Organic Forum & Expo – 2026 Форумында

Dark Mode

29 тамызда Моңғолияның Ұланбатыр қаласында «Looking to the Future – Choose Organic» – «Болашаққа көз жүгіртейік – органиканы таңдайық» ұранымен III Central Asian Organic Forum & Expo – 2026 халықаралық форумы өз жұмысын бастады.

Форумға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Моңғолия елдерінен мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері, фермерлер мен органикалық өнім өндірушілер, сертификаттау органдары, халықаралық ұйымдар, бизнес өкілдері мен инвесторлар қатысты.

Қазақстанның атынан Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары – Басқарма төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Шолпан Оразовна Бастаубаева және Органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Назира Слямова қатысты.

Форумның «Science, Innovation and Technology» секциясында Шолпан Оразовна «Scientific Innovations for Sustainable Organic Agriculture: Experience of the Kazakh Research Institute of Agriculture and Plant Growing» тақырыбында баяндама жасап, институттың органикалық егіншілік, экологиялық қауіпсіз агротехнологиялар, биологиялық препараттарды қолдану, цифрлық технологиялар және органикалық өндірістің тиімділігін арттыру бағыттарындағы ғылыми зерттеулері мен практикалық әзірлемелерін таныстырды.

Форум аясында ғалымдар, өндірушілер, халықаралық ұйымдар және сертификаттау саласының мамандары арасында мазмұнды ғылыми диалог орнады. Бірлескен зерттеулер жүргізу, озық тәжірибені әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларға бейімдеу, ғылым, өндіріс және нарық арасындағы байланысты күшейту мәселелері талқыланды.

Жаңа бастама – Қазақстанның ғылыми үйлестірушілік рөлі

Форумның маңызды нәтижелерінің бірі – Орталық Азия елдері мен Моңғолия ғалымдарының Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми зерттеулерінің жоғары деңгейін мойындауы.

Ғылыми пікірталастар қорытындысы бойынша Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық ғылыми бағыт бойынша үйлестіруші ретінде белгілеу ұсынылды.

Сонымен қатар өңірлік деңгейде маңызды бастама – «5 ел – 5 табиғи аймақ» қағидаты бойынша Орталық Азия елдері мен Моңғолияда демонстрациялық органикалық шаруашылықтар желісін құру ұсынылды:

Қазақстан – дала және құрғақ дала аймақтары

Моңғолия – қуаң жайылымдық аумақтар

Қырғызстан – таулы және тау бөктері аймақтары

Тәжікстан – таулы және тау бөктері аймақтары

Өзбекстан – құрғақ суармалы егіншілік аймақтары

Әр демонстрациялық алаңда органикалық технологиялардың бірыңғай кешенін сынақтан өткізу, олардың экономикалық және экологиялық тиімділігін салыстырмалы түрде бағалау, нәтижелермен өзара алмасу және өңір фермерлеріне ғылыми негізделген ұсынымдар әзірлеу жоспарлануда.

Бұл бастама Орталық Азия мен Моңғолияның әртүрлі табиғи-климаттық жағдайларында органикалық технологияларды сынақтан өткізетін ортақ ғылыми-өндірістік алаңға айналуы мүмкін. Ең тиімді тәжірибелерді басқа елдерде масштабтауға мүмкіндік береді.

Аталған бастама Қазақстанның органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық ғылыми көшбасшылығын күшейтіп, отандық ғылымның өңірдегі тұрақты аграрлық жүйені қалыптастырудағы рөлін арттыруға ықпал етеді.

III Central Asian Organic Forum & Expo – 2026 форумы тәжірибе алмасу алаңы ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия мен Моңғолияның органикалық ауыл шаруашылығы саласында біртұтас ғылыми кеңістік қалыптастыру жолындағы маңызды қадам болды.

Ғылым елдерді біріктіреді.

Органикалық ауыл шаруашылығы – тұрақты болашақтың негізі!

Казахстанские учёные на Iii Central Asian Organic Forum & Expo – 2026

29 августа в городе Улан-Батор, Монголия, начал работу III международный форум Central Asian Organic Forum & Expo – 2026, который проходит под лозунгом «Looking to the Future – Choose Organic» – «Взглянем в будущее – выберем органику».

В форуме приняли участие представители государственных органов, научно-исследовательских организаций, фермеры и производители органической продукции, органы сертификации, международные организации, представители бизнеса и инвесторы из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана, Туркменистана и Монголии.

Казахстан на форуме представили учёные Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства – председатель Правления, кандидат сельскохозяйственных наук, профессор, академик Академии сельскохозяйственных наук Республики Казахстан Шолпан Оразовна Бастаубаева и заведующая лабораторией органического земледелия, кандидат сельскохозяйственных наук Назира Слямова.

В секции «Science, Innovation and Technology» Шолпан Оразовна выступила с докладом на тему «Scientific Innovations for Sustainable Organic Agriculture: Experience of the Kazakh Research Institute of Agriculture and Plant Growing» («Научные инновации для устойчивого органического сельского хозяйства: опыт Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства»).

В докладе были представлены научные исследования и практические разработки института в области органического земледелия, экологически безопасных агротехнологий, применения биологических препаратов, цифровых технологий, а также повышения эффективности органического производства.

В рамках форума состоялся содержательный научный диалог между учёными, производителями, представителями международных организаций и специалистами в сфере сертификации. Участники обсудили вопросы проведения совместных исследований, адаптации передового опыта к различным природно-климатическим условиям, а также укрепления взаимодействия между наукой, производством и рынком.

Новая инициатива – научно-координационная роль Казахстана

Одним из важных результатов форума стало признание высокого уровня научных исследований Казахстана в сфере органического сельского хозяйства со стороны учёных стран Центральной Азии и Монголии.

По итогам научных дискуссий было предложено определить Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства в качестве координатора международного научного направления в области органического сельского хозяйства.

Кроме того, на региональном уровне была выдвинута важная инициатива – создание сети демонстрационных органических хозяйств в странах Центральной Азии и Монголии по принципу «5 стран – 5 природных зон»:

Казахстан – степная и сухостепная зоны;

Монголия – засушливые пастбищные территории;

Кыргызстан – горные и предгорные зоны;

Таджикистан – горные и предгорные зоны;

Узбекистан – зоны сухого орошаемого земледелия.

На каждой демонстрационной площадке планируется испытание единого комплекса органических технологий, сравнительная оценка их экономической и экологической эффективности, обмен полученными результатами и разработка научно обоснованных рекомендаций для фермеров региона.

Данная инициатива может стать общей научно-производственной площадкой для испытания органических технологий в различных природно-климатических условиях Центральной Азии и Монголии. Это позволит выявлять наиболее эффективные практики и масштабировать их в других странах.

Реализация инициативы будет способствовать укреплению международного научного лидерства Казахстана в сфере органического сельского хозяйства и повышению роли отечественной науки в формировании устойчивых аграрных систем региона.

III Central Asian Organic Forum & Expo – 2026 стал не только площадкой для обмена опытом, но и важным шагом на пути к формированию единого научного пространства в сфере органического сельского хозяйства Центральной Азии и Монголии.

Наука объединяет страны.

Органическое сельское хозяйство – основа устойчивого будущего!

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X