Последние новости

Соңғы жаңалықтар

10.09.2026

ҚазЕжӨШҒЗИ-ға жапон ғалымдарының делегациясы келді

Dark Mode

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Жапониядан келген ғалымдар делегациясы жұмыс сапарымен келді. Бұған дейін ҚазЕжӨШҒЗИ мен жапон ғалымдары арасында бес жылға арналған ынтымақтастық туралы келісім жасалған болатын. Осы сапар аясында әріптестер ғылыми байланысты нығайту, бірлескен зерттеулер жүргізу және алдағы жұмыстың басым бағыттарын айқындау мәселелеріне назар аударды.

Басқарма төра5асы Шолпан Бастаубаева Мемлекет басшысы биылғы жылды Цифрландыру жылы деп жариялағанын атап өтіп, институт жұмысына заманауи цифрлық технологияларды енгізудің маңыздылығына тоқталды. Оның айтуынша, цифрландыру бағытында тәжірибесі мол жапон ғалымдарының қолдауы ҚазЕжӨШҒЗИ үшін аса құнды.

Алғашқы кезекте институттың генетикалық банкін цифрландыру жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта генбанкте ауыл шаруашылығы дақылдарының 60 мыңға жуық үлгісі сақталған. Институт ғалымдары бұл бірегей қорды жүйелеп, электрондық каталог қалыптастыруға мүдделі.

Шолпан Бастаубаева институттың өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау мен зерттеуге арналған бірегей ғылыми орталық екенін атап өтті.

Кездесу барысында генетикалық материалдармен алмасу мүмкіндігі де сөз болды. Институт өкілдері каталог жасау үшін өз үлгілерін жіберуге және жапон тарапынан өсімдік үлгілерін алуға қызығушылық білдірді. Жапон ғалымдары бұл бағыттағы жұмысты келесі жылы бастауға дайын екенін жеткізді.

Делегация мүшелері Қазақстандағы ғылыми экспедицияларға да жоғары баға берді. Олар фермерлік шаруашылықтарды аралап, жергілікті тұрғындардан қияр, пияз, асқабақ, аскөк, сарымсақ және басқа дақылдардың үлгілерін жинаған. Жапон ғалымдары өткізілген үш экспедицияның нәтижелерін қазақстандық әріптестерімен бөлісуге дайын екенін мәлімдеді.

Келесі жылы жапондық мамандар Орталық Қазақстанға экспедиция ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Қонақтар әр тараптың зерттеу тәсілдері өзіндік ерекшелікке ие екенін атап өтіп, сапардан жақсы әсер алғандарын жеткізді.

КазНИИЗиР посетила делегация японских ученых

Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства с рабочим визитом посетила делегация ученых из Японии. Ранее между КазНИИЗиР и японскими специалистами было заключено соглашение о сотрудничестве сроком на пять лет. В рамках нынешнего визита коллеги уделили внимание укреплению научных связей, проведению совместных исследований и определению приоритетных направлений дальнейшей работы.

Председатель правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева отметила, что текущий год объявлен Главой государства Годом цифровизации. В связи с этим особое значение приобретает внедрение современных цифровых технологий в научную деятельность института. По ее словам, поддержка японских ученых, обладающих передовым опытом в этой сфере, представляет большую ценность для КазНИИЗиР.

Одним из первоочередных направлений станет цифровизация генетического банка института. Сегодня в нем хранится около 60 тысяч образцов сельскохозяйственных культур. Ученые намерены систематизировать этот уникальный фонд и сформировать полноценный электронный каталог.

Шолпан Бастаубаева подчеркнула, что институт представляет собой живую лабораторию, в которой сохраняются и изучаются генетические ресурсы растений. Участники встречи также рассмотрели возможность обмена генетическим материалом. Представители КазНИИЗиР выразили готовность направлять свои образцы для включения в каталоги и получать образцы растений от японских коллег. Делегация сообщила, что предметная работа в этом направлении может начаться уже в следующем году.

Японские ученые положительно оценили проведенные в Казахстане научные экспедиции. Во время поездок по фермерским хозяйствам они собирали у местных жителей образцы огурцов, лука, тыквы, укропа, чеснока и других культур. Зарубежные специалисты выразили готовность предоставить казахстанским коллегам результаты трех состоявшихся экспедиций.

В следующем году японская делегация планирует продолжить исследования в Центральном Казахстане. Ученые отметили разнообразие применяемых исследовательских подходов и поделились положительными впечатлениями от посещения хозяйств и общения с местными жителями.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X