Последние новости

Соңғы жаңалықтар

21.04.2026

ҚазЕжӨШҒЗИ-да халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Dark Mode

Бүгін Қазақ ғылыми-зерттеу институты егіншілік және өсімдік шаруашылығы (ҚазЕжӨШҒЗИ) базасында «ВНИС Қазақстан» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге компания атынан Парий Ярослав Федорович қатысты.

«ВНИС Қазақстан» – селекция, тұқым шаруашылығы және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру бағытында жұмыс істейтін халықаралық компания. Ұйым күнбағыс, жүгері және қант қызылшасы бойынша селекциялық бағдарламаларды дамытуға маманданған.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы және халықаралық деңгейдегі жоспарлары таныстырылды. Бүгінде «ВНИС Қазақстан» Алматы облысында белсенді жұмыс жүргізіп, күнбағыс, жүгері және қант қызылшасы бойынша селекциялық қызметті бастап жатыр. Сонымен қатар компания Өзбекстан, Қырғызстан елдерінде жұмыс істеп, Африка құрлығына (Кения, Танзания) және Латын Америкасына шығуды жоспарлап отыр.

Парий Ярослав Федоровичтің айтуынша, мұндай кең география компанияның мүмкіндіктерін айтарлықтай арттырады:

«Соңғы екі апта бұрын Африкадан оралдым. Біз жаңа нарықтарға шығып жатырмыз, соның ішінде Кения мен Танзания қызығушылық тудырып отыр. Сонымен қатар Латын Америкасы бағытында да жұмыстар басталуда».

Қазақстан бойынша компанияның негізгі жоспарларының бірі – Алматы облысында күнбағыс пен жүгері бойынша селекциялық станция құру. Қазіргі таңда 2000 гектар күнбағыс және 100 гектар жүгері егістігі жоспарланған. Жоғары сапалы тұқымдарды тазалау және өңдеу үшін арнайы тұқым желісі салынған, ал келесі жылы өндірісті кеңейту көзделуде.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда:

– институттың ғылыми әлеуетін бірлесіп дамыту;

– тәжірибелік егістіктер жүргізу;

– бірлескен селекциялық бағдарламаларды жүзеге асыру;

– селекциялық материалдармен алмасу.

Компания жүгері селекциясына ерекше қызығушылық танытып, бұл бағытта украиналық мамандарды тартуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, жобалардың ауқымдылығына байланысты серіктестік негізінде жұмыс істеу қажеттілігі атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты келіссөздер жүргізіп, алдағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын айқындауға уағдаласты.

В КазНИИЗиР обсудили перспективы международного сотрудничества

Сегодня на базе Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР) состоялась встреча с представителями компании «ВНИС Казахстан». Со стороны компании участие принял Парий Ярослав Федорович.

«ВНИС Казахстан» – международная компания, специализирующаяся на селекции, семеноводстве и повышении урожайности сельскохозяйственных культур. Основные направления работы – подсолнечник, кукуруза и сахарная свёкла.

В ходе встречи были представлены планы компании в Казахстане и за рубежом. В настоящее время «ВНИС Казахстан» активно работает в Алматинской области и запускает селекционные программы по подсолнечнику, кукурузе и сахарной свёкле. Также компания развивает деятельность в Узбекистане и Кыргызстане и выходит на рынки Африки (Кения, Танзания) и Латинской Америки.

По словам Пария Ярослава Федоровича:

«Две недели назад я вернулся из Африки. Мы расширяем географию – нам интересны Кения и Танзания. Параллельно выходим на рынок Латинской Америки».

В Казахстане компания планирует создать селекционную станцию по подсолнечнику и кукурузе в Алматинской области. Уже запланированы посевы на площади 2000 гектаров подсолнечника и 100 гектаров кукурузы. Построена семенная линия по очистке и переработке высококачественных семян, и в следующем году планируется расширение производства.

Стороны обсудили ключевые направления сотрудничества, включая:

– развитие научного потенциала института;

– проведение экспериментальных посевов;

– реализацию совместных селекционных программ;

– обмен селекционными материалами.

Особый интерес компания проявляет к селекции кукурузы и планирует привлечь специалистов из Украины. В связи с масштабностью задач отмечена необходимость тесного партнерского взаимодействия.

По итогам встречи стороны провели двусторонние переговоры и выразили готовность к дальнейшему развитию сотрудничества.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X