ҚазЕжӨШҒЗИ-на халықаралық ғалымдар тобы келді
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Қазақстан, Германия және АҚШ ғылыми ұйымдарының өкілдері келді.
Кездесуге Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің докторы Бақтыбек Дүйсебек, Германиядағы Лейбниц атындағы өтпелі экономика елдеріндегі аграрлық даму институтының профессоры Даниэль Мюллер мен зерттеушісі Симон Шпенглер, сондай-ақ АҚШ Геологиялық қызметінің докторы Габриэль Сенай қатысты.

Қонақтарға ҚазЕжӨШҒЗИ-ның ғылыми бағыттары, зерттеу инфрақұрылымы және егіншілік пен өсімдік шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстар таныстырылды. Тараптар ауыл шаруашылығы алқаптарын спутниктік деректер арқылы бақылау, жер және су ресурстарын тиімді пайдалану, құрғақшылықты бағалау, климат өзгерісінің егіншілікке әсері және ауыл шаруашылығын цифрландыру мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында қашықтан зондтау мен геоақпараттық технологияларды ғылыми зерттеулерге енгізу, суару тиімділігін бағалау, дақылдардың жағдайы мен су тұтынуын бақылау, сондай-ақ климаттық тәуекелдерге бейімделу бағытындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
КазНИИЗиР посетила международная группа ученых
Сегодня Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетили представители научных организаций Казахстана, Германии и США.
В состав группы вошли доктор Бактыбек Дуйсебек из Казахского национального аграрного исследовательского университета, профессор Даниэль Мюллер и исследователь Симон Шпенглер из Института аграрного развития в странах с переходной экономикой имени Лейбница, а также доктор Габриэль Сенай из Геологической службы США.

Гостям представили основные направления работы КазНИИЗиР, научную инфраструктуру и проводимые исследования в сфере земледелия и растениеводства. Участники встречи обсудили спутниковый мониторинг сельскохозяйственных угодий, рациональное использование земельных и водных ресурсов, оценку засухи, влияние изменения климата на сельское хозяйство и цифровизацию отрасли.
Особое внимание было уделено применению дистанционного зондирования и геоинформационных технологий, оценке эффективности орошения, мониторингу состояния посевов и потребления воды сельскохозяйственными культурами, а также обмену опытом в области адаптации земледелия к климатическим рискам.
Стороны рассмотрели возможности реализации совместных научных проектов, обмена данными и исследовательскими методиками, а также дальнейшего развития международного сотрудничества.
@agro__press @nasec
