Последние новости

Соңғы жаңалықтар

07.09.2026

Қытай делегациясы ҚазЕжӨШҒЗИ-ға арнайы келді

Dark Mode

Бүгін, 7 қыркүйекте, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Қытайдың Циндао аграрлық университетінен келген алты адамнан тұратын делегация жұмыс сапарымен келді.

Делегация құрамында Циндао аграрлық университетінің проректоры, профессор Чжан Юймин, Циндао технологиялық университеті ШЫҰ өңірлік зерттеу орталығы директорының орынбасары, доцент Ли Цзиньпин, Ақпараттық басқару орталығының директоры Моу Сяоган, Аграрлық колледж деканының орынбасары, доцент Чжан Эньян, профессор Цзоу Сяося және Жаратылыстану ғылымдары мен ақпараттық технологиялар колледжінің оқытушысы Ли Линь болды.

Қытайлық ғалымдар институттың ғылыми инфрақұрылымымен танысып, музейді, генетикалық ресурстар қоймасы мен зертханаларды аралады. Кездесуде аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды.

ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева Қазақстан тарапының бұршақ өсіру технологиясы, бұршақ егістігін арамшөптерден қорғау және дақылдың өнімділігін арттыру бағытындағы қытайлық ғалымдардың зерттеулеріне қызығушылық танытып отырғанын атап өтті.

Тараптар генетикалық ресурстармен және селекциялық материалдармен өзара тиімді алмасу, соя, жүгері және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын бірлесіп шығару мүмкіндіктерін қарастырды. Сондай-ақ ғылыми кадрлар даярлау және ҚазЕжӨШҒЗИ жас ғалымдарының Циндао аграрлық университетінде тағылымдамадан өтуі жөнінде ұсыныстар айтылды.

Шолпан Бастаубаева қытайлық әріптестерді келесі жылы өтетін Дала күніне қатысуға шақырды.

«Келесі жылы өтетін Дала күніне қатысып, өз сорттарыңыздың біздің климаттық жағдайда қалай өсетінін көре аласыздар. Қажетті рәсімдердің қанша уақыт алатынын және алдағы маусымға үлгеретінімізді анықтауымыз керек. Демонстрациялық алаңға әлемдік селекцияның үздік сорттарын орналастыруды жоспарлап отырмыз», – деді Шолпан Бастаубаева.

Циндао аграрлық университетінің проректоры Чжан Юймин жылы қабылдау үшін институт басшылығы мен ұжымына алғыс білдіріп, сорттар және генетикалық материалдар алмасу арқылы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Ол бидай мен басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясы бағытында бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік мол екенін атап өтті. Университет аумағында ғылыми тәжірибелер жүргізуге арналған жер телімдері мен демонстрациялық алаңдар бар. Қытай тарапы болашақта қазақстандық ғалымдарға қажетті учаскені таңдап, бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

«Қытай үкіметі түрлі мемлекеттермен ғылыми ынтымақтастықты дамытуға мүдделі. Бүгін талқыланған бастамалар жай ғана жоспар болып қалмай, міндетті түрде жүзеге асады деп сенемін. Сіздерді де университетімізде қабылдауға мүмкіндік беріңіздер», – деді проректор.

Кездесу қорытындысында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мен Циндао аграрлық университетінің өкілдері өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Делегация из Китая посетила КазНИИЗиР

Сегодня, 7 сентября, Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетила делегация Циндаоского аграрного университета КНР в составе шести человек.

В состав делегации вошли проректор Циндаоского аграрного университета, профессор Чжан Юймин, заместитель директора Регионального исследовательского центра ШОС Университета технологий Циндао, доцент Ли Цзиньпин, директор Центра информационного управления Моу Сяоган, заместитель декана Аграрного колледжа, доцент Чжан Эньян, профессор Цзоу Сяося и преподаватель Колледжа естественных наук и информационных технологий Ли Линь.

Китайские учёные ознакомились с научной инфраструктурой института, посетили музей, хранилище генетических ресурсов и лаборатории. В ходе встречи стороны обсудили перспективные направления сотрудничества в области аграрной науки.

Председатель правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева отметила заинтересованность казахстанской стороны в исследованиях китайских учёных в области технологий возделывания фасоли, защиты её посевов от сорной растительности и повышения урожайности культуры.

Стороны рассмотрели возможности взаимовыгодного обмена генетическими ресурсами и селекционным материалом, а также совместного создания новых сортов и гибридов сои, кукурузы и других сельскохозяйственных культур. Отдельное внимание уделили подготовке научных кадров и организации стажировок молодых учёных КазНИИЗиР в Циндаоском аграрном университете.

Шолпан Бастаубаева пригласила китайских коллег принять участие в Дне поля, который состоится в следующем году.

«Вы могли бы принять участие в Дне поля и увидеть, как ваши сорта растут в наших климатических условиях. Нам необходимо уточнить, сколько времени занимают соответствующие процедуры и успеем ли мы подготовиться к следующему сезону. Мы планируем представить на демонстрационной площадке лучшие сорта мировой селекции», – сказала Шолпан Бастаубаева.

Проректор Циндаоского аграрного университета Чжан Юймин поблагодарила руководство и коллектив института за тёплый приём и выразила готовность укреплять сотрудничество посредством обмена сортами и генетическим материалом.

Она отметила значительный потенциал совместной работы в области селекции пшеницы и других сельскохозяйственных культур. Университет располагает земельными участками и демонстрационными площадками для проведения научных опытов. Китайская сторона предложила казахстанским учёным в будущем выбрать подходящий участок для реализации совместных проектов.

«Правительство Китая заинтересовано в развитии сотрудничества с разными странами. Думаю, обсуждённые сегодня инициативы не останутся только планами и обязательно будут реализованы. Позвольте и нам принять вас в нашем университете», – отметила проректор.

По итогам встречи представители Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства и Циндаоского аграрного университета подписали меморандум о сотрудничестве.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X