16.01.2026
Соңғы жаңалықтар
Адам өмірін сақтап қалу – ең үлкен ізгі іс. Осы мақсатпен Қаскелең қалалық ауруханасында қан тапсыру бойынша қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараны «Ауыл» партиясы өткізсе, оған белсенді қатысқандар – ҚазЕжӨШҒЗИ жастары болды.

Акцияның негізгі мақсаты – ем қабылдап жатқан науқастарға көмек көрсету, адамгершілік пен азаматтық жауапкершілікті арттыру. Қайырымдылыққа денсаулығы жақсы, жұқпалы аурулары жоқ, медициналық талаптарға сай келетін ерікті жастар қатыса алады. Әрбір тапсырылған қан – бір адамның өміріне үміт сыйлайды.
Ұйымдастырушылар қатысушыларға алғыстарын білдіріп, барша қауымды осындай маңызды шараларға белсенді қатысуға шақырды. Бірге болайық, бірге көмектесейік!
Ұйымдастырушылар: «Ауыл» партиясы

В Каскелене прошла благотворительная акция по сдаче крови»
Спасти человеческую жизнь – это великое благородное дело. В городской больнице Каскелен была организована благотворительная акция по сдаче крови. Организаторами выступила партия «Ауыл», а активное участие приняли молодые люди КАЗНИИЗиР.
Основная цель мероприятия – оказание помощи пациентам, находящимся на лечении, а также повышение гражданской ответственности и проявление гуманности. К участию приглашаются добровольцы с хорошим здоровьем, без инфекционных заболеваний, соответствующие медицинским требованиям. Каждая сданная доза крови дарит надежду на жизнь одному человеку.
Организаторы поблагодарили участников и призвали всех активно участвовать в подобных важных инициативах. Давайте быть вместе, давайте помогать вместе!
Организаторы: партия «Ауыл»
@agro__press @nasec.kz
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.