Последние новости

Соңғы жаңалықтар

13.02.2026

Құрметті Бурибай Сариевич!

Dark Mode

Сізді 86 жасқа толған мерейлі жасыңызбен Басқарма атынан және жеке өз атымнан шын жүректен құттықтаймын!

Сіздің өмір жолыңыз бен кәсіби қызметіңіз – ғылымға, білімге және Қазақстанның аграрлық саласының дамуына адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылының тумасы ретінде Сіз жастайыңыздан биология ғылымын өмірлік мұрат етіп, С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің биология факультетінің студентінен бастап, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы АСХН академигі деңгейіне дейін биік белестерді бағындырдыңыз.

Сіздің педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлаудағы еңбегіңіз айрықша құрметке лайық. Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтында қызмет атқарған жылдарыңызда Сіз Қазақстанның орта мектептері үшін биология және химия пәндері бойынша мыңнан астам мұғалім даярлауға зор үлес қостыңыз.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтындағы көпжылдық еңбегіңіз отандық селекция ғылымының дамуына арналды. Сіздің дәнді малазықтық дақылдар селекциясының теориялық негіздерін қалыптастыруыңыз және осы бағытта ғылыми мектеп құруыңыз – еліміздің аграрлық ғылымындағы аса маңызды жетістік. Сіз шығарған арпа мен сұлының жаңа сұрыптары Қазақстанның бірнеше өңірінде және шет елдерде сәтті өсіріліп, ауыл шаруашылығы өндірісінің артуына және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Сіздің ғылыми мұраңыз – жүздеген ғылыми еңбектер, монографиялар, әдістемелік құралдар, авторлық куәліктер мен патенттер ғана емес, ең бастысы – Сіздің ісіңізді жалғастырып келе жатқан шәкірттеріңіз бен ізбасарларыңыз. Мемлекеттік деңгейде көрсетілген жоғары баға ол Сіздің ұзақ жылдар бойғы табанды әрі адал еңбегіңіздің заңды нәтижесі.

Осы айтулы күні ғылымға сіңірген өлшеусіз еңбегіңіз үшін шынайы алғысымды білдіремін. Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, көңіл тыныштығы мен жақындарыңыздың ыстық ықыласын тілеймін. Әрдайым әріптестеріңіз бен шәкірттеріңіздің құрметіне бөлене беріңіз.

Ізгі құрметпен, Басқарма төрағасы Ш. Бастаубаева

Уважаемый Бурибай Сариевич!

От имени коллектива и от себя лично сердечно поздравляю Вас с замечательной датой – 86-летием!

Ваша жизнь и профессиональный путь – это пример подлинного служения науке, образованию и аграрному развитию Казахстана. Уроженец села Дербисек Сарыагашского района, Вы с юных лет связали свою судьбу с биологической наукой, пройдя путь от студента биологического факультета Казахского государственного университета имени С. М. Кирова до известного учёного, доктора биологических наук, профессора и академика АСХН Республики Казахстан.

Особого уважения заслуживает Ваш вклад в подготовку научных и педагогических кадров. В годы работы в Семипалатинском педагогическом институте имени Н. К. Крупской Вы внесли значимый вклад в формирование учительского корпуса страны, подготовив более тысячи специалистов по биологии и химии для школ Казахстана.

На протяжении десятилетий Ваша деятельность в Казахском научно-исследовательском институте земледелия и растениеводства была направлена на развитие отечественной селекции. Разработанные Вами теоретические основы селекции зернофуражных культур и созданная научная школа стали прочной опорой для аграрной науки страны. Созданные Вами сорта ячменя и овса успешно возделываются в регионах Казахстана и за его пределами, внося весомый вклад в продовольственную безопасность и развитие сельского хозяйства.

Ваше научное наследие – это сотни публикаций, монографии, методические разработки, авторские свидетельства и патенты, а главное – ученики и последователи, продолжающие Ваше дело. Государственное признание Ваших заслуг является закономерным итогом многолетнего и самоотверженного труда.

В этот знаменательный день примите искренние слова благодарности за Ваш вклад в науку, за преданность профессии и за пример, который Вы подаёте молодым учёным.

Желаю Вам крепкого здоровья, душевного спокойствия, благополучия и тепла близких. Пусть уважение коллег и учеников всегда сопровождает Вас.

С уважением, Председатель Правления Ш. Бастаубаева

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X