07.04.2026
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанның аграрлық ғылымы ауыр қайғыға душар болды. Көрнекті ғалым-селекционер, өз ісінің білгірі Середа Григорий Антонович өмірден өтті.

Ол өзінің саналы ғұмырын егіншілік пен селекция ғылымына арнап, осы саланың дамуына зор үлес қосты. Ғалымның еңбегі нәтижесінде шығарылған сұрыптар бүгінгі күні де егіс алқаптарында кеңінен қолданылып келеді.
Ол соңғы күндеріне дейін ғылымнан қол үзбей, белсенді еңбек етті.
Марқұмның кенеттен өмірден өтуі барша әріптестері мен шәкірттері үшін орны толмас қайғы болды.
Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, әріптестеріне қайғыра көңіл айтады.
«Қазақ ғылыми-зерттеу институты егіншілік және өсімдік шаруашылығы» ұжымы да марқұмның отбасы мен жақындарына, әріптестеріне шын жүректен көңіл айтады.
Оның жарқын бейнесі мен ғылымға қосқан үлесі әрдайым ел жадында сақталады.
Жаны жайлы болсын.
Соболезнование
Аграрная наука Казахстана понесла тяжёлую утрату – ушёл из жизни известный учёный-селекционер Середа Григорий Антонович.
Он посвятил свою жизнь развитию земледелия и селекции, внёс значительный вклад в отечественную науку. Созданные им сорта и сегодня широко используются в сельском хозяйстве.
До последних дней он оставался преданным своему делу и продолжал активно работать.
Его уход стал невосполнимой потерей для коллег, учеников и всего научного сообщества.
Председатель Правления Шолпан Бастаубаева выражает искренние соболезнования родным и близким, коллегам и ученикам покойного.
Коллектив Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства также разделяет горечь утраты и выражает глубокие соболезнования.
Светлая память о нём сохранится в его трудах и делах.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.