Последние новости

Соңғы жаңалықтар

14.09.2026

Органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы халықаралық ынтымақтастық нығаюда

Dark Mode

2026 жылғы 10 қыркүйекте Алматы қаласында Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының базасында «Трансшекаралық ауыл шаруашылығы зиянды организмдерін басқару саласындағы өңірлік ынтымақтастық» тақырыбында халықаралық семинар өтті.

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ресейден ғалымдар, өсімдіктерді қорғау және карантин саласының мамандары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Халықаралық семинардың негізгі мақсаты – трансшекаралық фитосанитарлық тәуекелдерді басқару саласындағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайту, ғылыми және практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау мен фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін талқылау болды.

Семинар жұмысына «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрайымы, профессор Шолпан Бастаубаева және Органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Назира Слямова қатысты.

Семинардың ашылуында профессор Шолпан Бастаубаева құттықтау сөз сөйлеп, өңір елдерінің фитосанитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ғылыми ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті. Өз сөзінде ол тұқымдық материалдың трансшекаралық қозғалысы кезіндегі қауіпсіздігі мен сапасы мәселелеріне ерекше назар аударып, генетикалық түрлендірілген (ГМО) тұқымдардың таралуына қатысты мәселені көтерді. Осыған байланысты тұқымдық материалға бақылауды күшейту, ГМО-ны уақтылы анықтау, ықтимал тәуекелдерді бағалау және елдер арасындағы ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіру қажеттігі атап өтілді. Бұл мәселелер органикалық ауыл шаруашылығын дамыту жағдайында ерекше өзектілікке ие. Себебі органикалық өндірісте тұқымдық материалдың шығу тегі мен тазалығын қамтамасыз ету, органикалық өндіріс талаптарына сәйкес келетін тұқымдарды пайдалану, сондай-ақ ГМО-мен ықтимал ластанудың алдын алу маңызды рөл атқарады.

Іс-шараның маңызды нәтижелерінің бірі – «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және мелиорация министрлігінің Органикалық ауыл шаруашылығы департаменті арасында органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылуы болды.

Меморандум органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің экологиялық қауіпсіз және ресурс үнемдеуші технологияларын әзірлеуге, бейімдеуге және өндіріске енгізуге бағытталған. Қол жеткізілген уағдаластықтар аясында тараптар органикалық егіншілік технологияларын жетілдіру, топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығы мен өнімділігін арттыру, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылыми зерттеу нәтижелерін органикалық өндіріс тәжірибесіне енгізу бағыттарында ынтымақтастықты дамытуды көздейді.

Семинар аясында Органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі Назира Слямова «Экологиялық қауіпсіз фитосанитарлық тәуекелдерді органикалық егіншілікте басқару: Қазақстанның ғылыми-практикалық тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасап, институттың осы бағытта жүргізіп жатқан ғылыми зерттеулерінің негізгі нәтижелерін таныстырды.

Баяндамада органикалық егіншілік жүйесіндегі фитосанитарлық тәуекелдерді төмендетудің кешенді тәсілдері ұсынылды. Атап айтқанда, ауруларға төзімді сорттарды пайдалану, сау тұқымдық материал қалыптастыру, тұқымды термиялық залалсыздандыру, заманауи фитосанитарлық мониторинг жүргізу, өсімдіктерді биологиялық қорғау құралдарын қолдану, БПЛА көмегімен биопрепараттарды дәл енгізу, сондай-ақ гербицидтерді қолданбай арамшөптермен күресу бағыттарына ерекше назар аударылды.

Халықаралық семинар ғылыми білім мен практикалық тәжірибе алмасуға, ортақ фитосанитарлық сын-қатерлерді талқылауға және өңір елдерінің ғалымдары мен мамандары арасындағы одан әрі ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын айқындауға мүмкіндік берген маңызды алаң болды.

Қырғыз Республикасымен Меморандумға қол қою органикалық ауыл шаруашылығы саласындағы ұзақ мерзімді ғылыми әріптестікті нығайтуға, бірлескен зерттеулерді дамытуға, озық тәжірибе алмасуға және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізуге бағытталған маңызды қадам болды

УКРЕПЛЯЕТСЯ МЕЖДУНАРОДНОЕ СОТРУДНИЧЕСТВО В ОБЛАСТИ ОРГАНИЧЕСКОГО СЕЛЬСКОГО ХОЗЯЙСТВА

10 сентября 2026 года в Алматы, на базе Казахского научно-исследовательского института защиты и карантина растений имени Ж. Жиембаева, состоялся международный семинар на тему «Региональное сотрудничество в области управления трансграничными вредными организмами сельскохозяйственных культур».

В мероприятии приняли участие ученые, специалисты в области защиты и карантина растений, представители научно-исследовательских организаций и эксперты из Казахстана, Кыргызстана, Узбекистана, Таджикистана, Китая и России.

Основной целью международного семинара стало укрепление регионального взаимодействия в области управления трансграничными фитосанитарными рисками, обмен научным и практическим опытом, а также обсуждение актуальных вопросов защиты растений и обеспечения фитосанитарной безопасности.

В работе семинара приняли участие Председатель Правления ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства», профессор Шолпан Бастаубаева и заведующая лабораторией органического земледелия, кандидат сельскохозяйственных наук, ассоциированный профессор Назира Слямова.

На открытии семинара профессор Шолпан Бастаубаева выступила с приветственным словом, подчеркнув важность научного взаимодействия стран региона в обеспечении фитосанитарной безопасности. В своем выступлении она обратила особое внимание на вопросы безопасности и качества семенного материала при его трансграничном перемещении, в том числе затронула проблему распространения генетически модифицированных (ГМО) семян. Была отмечена необходимость усиления контроля семенного материала, своевременного выявления ГМО, оценки возможных рисков и совершенствования механизмов обмена информацией между странами.

Особую актуальность данные вопросы приобретают в условиях развития органического сельского хозяйства, где важное значение имеют происхождение и чистота семенного материала, использование семян, соответствующих требованиям органического производства, а также предотвращение возможного загрязнения ГМО.

Одним из значимых результатов мероприятия стало подписание Меморандума о сотрудничестве в области органического сельского хозяйства между ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» и Департаментом органического сельского хозяйства Министерства сельского хозяйства, пищевой промышленности и мелиорации Кыргызской Республики.

Меморандум направлен на развитие научно-технического сотрудничества в области органического сельского хозяйства, проведение совместных научных исследований, разработку, адаптацию и внедрение экологически безопасных и ресурсосберегающих технологий производства сельскохозяйственной продукции.

В рамках достигнутых договоренностей стороны намерены развивать сотрудничество по совершенствованию технологий органического земледелия, сохранению и воспроизводству плодородия почв, повышению устойчивости и продуктивности сельскохозяйственного производства, обеспечению качества и безопасности продукции, а также внедрению результатов научных исследований в практику органического производства.

В рамках семинара заведующая лабораторией органического земледелия Назира Слямова выступила с докладом на тему «Экологически безопасное управление фитосанитарными рисками в органическом земледелии: научно-практический опыт Казахстана», представив основные результаты научных исследований института в данном направлении.

В докладе были представлены комплексные подходы к снижению фитосанитарных рисков в системе органического земледелия. Особое внимание было уделено использованию устойчивых к болезням сортов, формированию здорового семенного материала, термическому обеззараживанию семян, современному фитосанитарному мониторингу, применению биологических средств защиты растений, точному внесению биопрепаратов с использованием БПЛА, а также контролю сорной растительности без применения гербицидов.

Международный семинар стал важной площадкой для обмена научными знаниями и практическим опытом, обсуждения общих фитосанитарных вызовов и определения перспектив дальнейшего взаимодействия между учеными и специалистами стран региона.

Подписание Меморандума с Кыргызской Республикой стало важным шагом в укреплении долгосрочного научного партнерства, развитии совместных исследований, обмене передовым опытом и внедрении научных разработок в практику органического сельского хозяйства.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X