Последние новости

Соңғы жаңалықтар

08.05.2026

ҚазЕжӨШҒЗИ-ың аумағында отандық алма бағының негізі қаланды

Dark Mode

Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты аумағында ерекше экологиялық бастама жүзеге асты. Ғалымдар, агрономдар мен институт қызметкерлері бірігіп, отандық селекциядан шыққан алма ағаштарының көшеттерін отырғызды. Игі шара «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, болашақта ғылыми-тәжірибелік әрі органикалық баққа айналмақ.

Іс-шара барысында институт аумағына төрт түрлі ең таңдаулы алма сұрыпы егілді. Мамандардың айтуынша, бұл тек бастамасы ғана. Алдағы уақытта мұнда алмұрт, жүзім, шие мен қара өрік секілді жеміс ағаштары да отырғызылмақ.

Басқарма Торағасы Шолпан Бастаубаева бұл шараның экология мен болашақ алдындағы жауапкершіліктің көрінісі екенін айтты.

– Бүгінгі іс-шара «Таза Қазақстан» аясында өтіп жатыр. Біз болашақ туралы, экология туралы ойлауымыз керек. Әр адам қоғамға пайдасын тигізуі тиіс. Сондықтан біз өз алаңымызда органикалық ауыл шаруашылығы бағының негізін қалауды жөн көрдік. Бұл жерде химиялық препараттар қолданылмайды. Әріптестерімізден ең үздік отандық сұрыптарды алып келуді сұрадық. Ертең фермерлер күні, семинарлар өткен кезде біз адамдарға осы алма түрлерінің дәмдік сапасын көрсетеміз. Бүгін институттың барлық қызметкері дерлік бақ отырғызуға шықты. Қазір мұнда «Восход», «Рашида», «Дамира» және «Айгул» секілді сұрыптар егілуде, – деді Басқарма Төрағасы.

Оның айтуынша, бұл идея бірнеше жылдан бері ойда жүрген.

– Біздің институт – көптеген ғылыми мекемелердің бастауында тұрған іргелі орталық. Бұрын бұл жерде бақтар мен жүзімдіктер болған. Біз сол жақсы дәстүрді жалғастырғымыз келеді. Уақыт өте келе мұнда картоптың да үздік отандық сұрыптарын отырғызуға болады, – деді ол.

Ал Теміржан Айтбаев, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма Төрағасы, бұл бастаманың маңызын ерекше атап өтті.

– Бүгін ең таңдаулы төрт түрлі алма көшетін алып келдік. Бұлар – отандық селекцияның сапалы сұрыптары. Бұл жерге болашақта алмұрт, жүзім, шие, қара өрік те отырғызамыз. Мұнда көптеген фермерлер, қонақтар келеді, Дала күндері өтеді. Сол кезде адамдар біздің отандық жеміс түрлерімізді көріп, танысады. Институт қызметкерлері өздері күтіп-баптайды, біз де ғылыми кеңес беріп, зиянкестермен күресу, суғару тәсілдері бойынша көмектесеміз. Бұл – үлкен әрі пайдалы жұмыс. Үш жылдан кейін бұл ағаштар жеміс беріп, адамдар саясында демалатын болады, – деді ол.

Марина Уразаева, агротехнология бөлімінің меңгерушісі, көшеттердің толықтай органикалық әдіспен өсірілгенін атап өтті.

– Бұл көшеттерді өсіру барысында ешқандай химиялық препарат қолданылған жоқ. Тек органикалық тәсілдер пайдаланылды. Бүгін біз қазақстандық селекциядан шыққан «Дамира», «Рашида», «Восход», «Айгүл» сұрыптарын отырғызып жатырмыз. Біздің сорттар шетелдік өнімдерден еш кем түспейді, тіпті кей жағдайда сапасы жоғары, – деді маман.

Сәуле Қазыбаева, «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасының орынбасары, бұл бақ ғылым адамдарына арналған символикалық орынға айналатынын айтты.

– Бүгін біз отандық сұрыптардан «Ғалымдар бағын» отырғызуды бастадық. Болашақта бұл баққа арнайы атау беру үшін байқау жарияланады. Бұл – тек ғылыми жоба емес, сонымен қатар келер ұрпаққа қалатын естелік. Ертеңгі Ұлы Жеңіс күні қарсаңында осы бастаманы ардагерлер рухына арнағымыз келеді. Ағаш отырғызу – халыққа жақсылық жасаудың, табиғатқа қамқор болудың белгісі, – деді ол.

Мамандардың айтуынша, баққа барлық агротехникалық талап сақталып, тамшылатып суғару жүйесі орнатылады. Ал бірнеше жылдан кейін бұл жер ғылыми тәжірибе алаңы ғана емес, көлеңкесі мен жемісі жарасқан жасыл мекенге айналмақ.

В КазНИИЗиР заложили сад отечественных сортов яблони

Сегодня на территории Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства состоялась экологическая акция по закладке сада отечественных сортов яблони. Учёные, агрономы и сотрудники института совместно высадили саженцы, выведенные казахстанскими селекционерами. Инициатива реализована в рамках программы «Таза Қазақстан» и в будущем должна стать научно-практическим и органическим садом.

В этот день на территории института были высажены четыре лучших сорта яблони отечественной селекции. По словам специалистов, это лишь начало масштабного проекта. В дальнейшем здесь планируют посадить груши, виноград, вишню и сливы.

Председатель Правления Шолпан Бастаубаева рассказала, что идея создания сада связана не только с экологией, но и с ответственностью перед будущими поколениями.

– Сегодняшнее мероприятие проходит в рамках программы «Таза Қазақстан». Мы должны думать о будущем, об экологии и о том, какую пользу каждый человек может принести обществу. Поэтому мы решили заложить на территории института органический сад, где не будут использоваться химические препараты. Мы попросили коллег привезти лучшие отечественные сорта. Во время Дней поля, фермерских встреч и семинаров мы сможем показывать людям вкусовые качества наших яблок. Практически весь коллектив института вышел сегодня на посадку сада. Сейчас здесь высаживаются сорта «Восход», «Рашида», «Долина» и «Айгуль», – сказала Председатель Правления.

По её словам, идея создания такого сада обсуждалась уже несколько лет.

– Наш институт стоял у истоков многих научных организаций. Когда-то здесь уже были сады и виноградники, и мы хотим возродить эту хорошую традицию. Со временем здесь можно будет высадить и лучшие отечественные сорта картофеля, –добавила она.

Темиржан Айтбаев, председатель правления ТОО «Казахский научно-исследовательский институт плодоовощеводства», подчеркнул важность этой инициативы.

– Сегодня мы привезли четыре лучших сорта яблони отечественной селекции. В будущем здесь появятся груши, виноград, вишня и сливы. В КазНИИЗиР приезжает много фермеров, гостей, здесь проходят Дни поля и семинары. Люди смогут увидеть наши отечественные сорта, познакомиться с ними. Сотрудники института будут сами ухаживать за деревьями, а мы готовы помогать научными рекомендациями – по поливу, защите растений и уходу. Это большая и полезная работа. Уже через три года сад начнёт приносить плоды, а люди смогут отдыхать в его тени, – отметил он.

Марина Уразаева, заведующая отделом агротехнологии и питомниководства садовых культур, отметила, что саженцы выращены полностью органическим способом.

– При выращивании этих саженцев не применялись химические препараты – только органические методы. Сегодня мы высаживаем сорта казахстанской селекции: «Дамира», «Рашида», «Восход» и «Айгуль». Наши сорта ничем не уступают зарубежным, а в некоторых случаях даже превосходят их по качеству, – подчеркнула специалист.

Сауле Казыбаева, заместитель председателя правления ТОО «Казахский научно-исследовательский институт плодоовощеводства», отметила, что будущий сад станет символическим местом для ученых и памятью для будущих поколений.

– Сегодня мы начали закладку «Сада ученых» из отечественных сортов. В дальнейшем планируется объявить конкурс на лучшее название сада. Это не просто научный проект, а доброе начинание, которое останется будущим поколениям. В преддверии Дня Победы мы хотим посвятить эту инициативу памяти ветеранов. Посадить сад – значит оставить после себя добро и заботу о людях, – сказала она.

По словам специалистов, при создании сада будут соблюдены все агротехнические требования, а также организована система капельного орошения. Через несколько лет это место должно стать не только научной площадкой, но и зелёным уголком, наполненным тенью и плодами отечественной селекции.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X