Қазақстан мен Тәжікстан аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
23 қазанда Душанбе қаласында Тәжікстан тәуелсіздігінің 35 жылдығына және Тәжік ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының 35 жылдығына арналған халықаралық конференция өтті.
Іс-шараға ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымы, биология ғылымдарының докторы, академик Аюп Ысқақов қатысып, ғылыми баяндама жасады.

Конференция барысында Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы аграрлық ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары шығарған «Стекловидная 24» және «Жетісу» күздік бидай сорттары Тәжікстанда ұзақ жылдардан бері табысты өсіріліп келеді.
Сапар аясында Аюп Ысқақов Тәжікстанның сорт сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясын басқарған белгілі ғалым Сафарали Ориповпен кездесті. Ол қазақстандық ғалым Рахым Әлмабекұлы Оразалиевпен тығыз ғылыми байланыста болған. Аюп Ысқақов пен Сафарали Орипов 1999 жылы АҚШ-та тағылымдамадан бірге өтіп, араға 27 жыл салып қайта жүздесті.
Кездесу қорытындысында тараптар ғылыми байланыстарды нығайтып, селекция және өсімдік шаруашылығы бағыттарындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
Сонымен қатар Аюп Ысқақов жергілікті телеарнаға сұхбат беріп, Қазақстан мен Тәжікстанның аграрлық ғылым саласындағы ықпалдастығы, ҚазЕжӨШҒЗИ жетістіктері және бірлескен зерттеулердің келешегі туралы айтып берді.
Сұхбаттың толық нұсқасын сілтеме арқылы көре аласыздар: https://www.facebook.com/tvtojikiston
Казахстан и Таджикистан укрепляют сотрудничество в сфере аграрной науки
23 октября в Душанбе состоялась международная конференция, посвящённая 35-летию независимости Таджикистана и 35-летию Таджикской академии сельскохозяйственных наук.
В мероприятии принял участие учёный КазНИИЗиР, доктор биологических наук, академик Аюп Искаков, выступивший с научным докладом.

В ходе конференции обсуждались вопросы сотрудничества Казахстана и Таджикистана в сфере аграрной науки. Созданные учёными КазНИИЗиР сорта озимой пшеницы «Стекловидная 24» и «Жетысу» уже много лет успешно возделываются в Таджикистане.
В рамках поездки Аюп Искаков встретился с известным учёным Сафарали Ориповым, ранее возглавлявшим Государственную комиссию по сортоиспытанию Таджикистана и тесно сотрудничавшим с казахстанским учёным Рахимом Алмабековичем Оразалиевым. В 1999 году Аюп Искаков и Сафарали Орипов вместе проходили стажировку в США. Спустя 27 лет учёные встретились вновь.
По итогам встречи стороны договорились укреплять научные связи и развивать сотрудничество в области селекции и растениеводства.

Кроме того, Аюп Искаков дал интервью местному телеканалу, в котором рассказал о взаимодействии Казахстана и Таджикистана в сфере аграрной науки, достижениях КазНИИЗиР и перспективах совместных исследований.
@agro__press @nasec
