«АӨК ғалымдары»: Шынболат Рсалиев өсімдіктер иммунитеті мен оларды қорғау туралы айтып берді
Биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өсімдіктер иммунитеті және қорғау зертханасының бас ғылыми қызметкері Шынболат Рсалиев өзінің ғылыми қызметі мен зерттеулері туралы айтып берді.
Ғалымның зерттеулері бидайдың аурулар мен зиянкестерге төзімділігін зерттеуге және төзімді сорттарды анықтауға бағытталған.
2023 жылдан бері зертхана ғалымдары Санкт-Петербургтегі Бүкілресейлік өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институтымен (ВИЗР) Қазақстанның гранттық қаржыландыру жобалары аясында белсенді ынтымақтастық орнатып келеді. Бірлескен зерттеулер нәтижесінде Plants (Q1) халықаралық журналында және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Хабаршысы» журналында ғылыми мақалалар жарияланды.
Қазіргі уақытта ғалымдар күздік бидайдың зиянды бақашық қандаласымен зақымдануын бірлесіп зерттеуде. Зерттеу нәтижелері бойынша дайындалған мақала Insects (Q1) журналына жариялауға қабылданды. Сонымен қатар ВИЗР зертханасының меңгерушісі, профессор Андрей Фролов ҚазЕжӨШҒЗИ PhD докторанты Арман Баймағамбетовтың ғылыми жетекшісі болып табылады.
«АӨК ғалымдары» айдарында отандық аграрлық ғылымды дамытып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтып жүрген ғалымдардың еңбегін таныстыруды жалғастырамыз.

«Ученые в АПК»: Шынболат Рсалиев рассказал об иммунитете и защите растений
Доктор биологических наук, профессор, главный научный сотрудник лаборатории иммунитета и защиты растений Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства Шынболат Рсалиев рассказал о своей научной деятельности и исследованиях.
Работа ученого направлена на изучение устойчивости пшеницы к болезням и вредителям, а также выявление устойчивых сортов.
С 2023 года сотрудники лаборатории активно сотрудничают со Всероссийским научно-исследовательским институтом защиты растений (ВИЗР, Санкт-Петербург) в рамках проектов грантового финансирования Республики Казахстан. По итогам совместных исследований опубликованы научные статьи в международном журнале Plants (Q1) и «Вестнике Кызылординского университета имени Коркыт Ата».
В настоящее время ученые совместно изучают повреждение озимой пшеницы клопом вредная черепашка. Статья по результатам этой работы принята к публикации в международном журнале Insects (Q1). Кроме того, заведующий лабораторией ВИЗР, профессор Андрей Фролов является научным руководителем PhD-докторанта КазНИИЗиР Армана Баймагамбетова.
В рубрике «Ученые в АПК» продолжаем рассказывать об ученых, которые развивают отечественную аграрную науку и укрепляют международное научное сотрудничество.
@agro__press @nasec
