Алматы облысы: ғылым мен өндіріс байланысына жаңа серпін берілуде
Алматы облысында ғылым мен өндіріс арасындағы өзара ықпалдастықты дамытуға жаңа кезең басталуда. Осы мақсатта облыс әкімдігі жанынан құрылған ғылыми кеңес өз жұмысын бастап, алғашқы отырысында өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының негізгі басым бағыттарын айқындады.
Серік Абаев, ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасының инновациялар жөніндегі орынбасары, Қонаев Медиа телеарнасына берген сұхбатында Алматы облысында ғылым мен өндірісті дамытуға бағытталған жаңа бастамалар туралы айтып берді. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығын дамытуда ғылыми негізделген шешімдер мен цифрлық технологияларды енгізу өңірдің аграрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Кеңес барысында облыс әкімі Марат Елеусізұлы ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту және өзекті мәселелерді бірлесіп шешу қажеттігін атап өтті. Ғалымдар қазіргі заман талаптарына сай келетін басым бағыттарды ұсынып, соның ішінде робототехника мен ауыл шаруашылығын цифрландыруға ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді. Сарапшылардың пікірінше, цифрлық технологиялар мал шаруашылығын басқаруды оңтайландырып, фермерлердің жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Алматинская область: придан новый импульс сотрудничеству науки и производства
В Алматинской области начинается новый этап развития взаимодействия науки и производства. С этой целью при акимате области создан научный совет, который провёл своё первое заседание и определил ключевые приоритеты научно-технологического развития региона.
Серик Абаев, заместитель председателя правления по инновациям КазНИИЗиР, в интервью телеканалу Қонаев Медиа рассказал о новых инициативах в сфере развития науки и производства в Алматы облысы. По его словам, внедрение научно обоснованных решений и цифровых технологий в сельское хозяйство позволит повысить аграрный потенциал региона.
В ходе заседания аким области Марат Елеусизулы подчеркнул необходимость укрепления взаимодействия науки и производства и совместного решения актуальных задач. Учёные предложили приоритетные направления развития, уделив особое внимание робототехнике и цифровизации сельского хозяйства. Эксперты отмечают, что цифровые технологии способны оптимизировать управление животноводством и повысить эффективность работы фермеров.
Подробности смотрите по ссылке: https://www.qonaevtv.kz/…/society…/2963-gylymydy-damytu
@agro__press @nasec.kz
