Алматыда IOFS бастамаларын ілгерілетуге арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті
Islamic Organization for Food Security бастамаларын іске асыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел Алматы қаласында, 17-ші Атқарушы кеңес отырысы аясында өтті. Іс-шараға Сыртқы істер және Ауыл шаруашылығы вице-министрлері, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы өкілдері, бизнес қауымдастығы мен ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты.

Кездесу барысында Қазақстанда халықаралық генбанк құру бастамасы жан-жақты талқыланды. Бұл жоба ҚазЕжӨШҒЗИ базасында іске асырылуы мүмкін екені айтылып, оның өңірлік және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі стратегиялық маңызы атап өтілді.
Сонымен қатар, 7-ші Бас ассамблея төрағалығы кезеңінде ұсынылған бірқатар бастамаларды ілгерілету мәселелері қаралды. Олардың қатарында:
– Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі инновациялық және ғылыми-зерттеу хабы
– Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі бойынша исламдық көрме
– Аграрлық академиялар қауымдастығын (AAA) құру
– 2027 жылды ауыл шаруашылығындағы әйел көшбасшылары мен жас кәсіпкерлер жылы (WAYA) деп жариялау
Жиын қорытындысында қатысушылар ұсыныстарды нақтылау және келесі кезеңде жүзеге асыру тетіктерін күшейту қажеттігін атап өтті.
В Алматы прошёл международный круглый стол по продвижению инициатив IOFS
В Алматы, в рамках 17-го заседания Исполнительного совета состоялся круглый стол, посвящённый продвижению инициатив Islamic Organization for Food Security. В мероприятии приняли участие вице-министры иностранных дел и сельского хозяйства, представители Национальный аграрный научно-образовательный центр, бизнеса, а также научно-исследовательских институтов и университетов.

Одной из ключевых тем обсуждения стало создание Международного генбанка в Казахстане на базе КазНИИЗиР. Участники отметили стратегическое значение проекта для укрепления глобальной и региональной продовольственной безопасности.
Также были рассмотрены инициативы, выдвинутые в период председательства на 7-й Генеральной Ассамблее IOFS, включая:
– Инновационный научно-исследовательский хаб по продовольственной безопасности
– Исламскую выставку по глобальной продовольственной безопасности
– Создание Ассоциации аграрных академий (AAA)
– Проведение 2027 года как Года женщин-лидеров и молодых предпринимателей в сельском хозяйстве (WAYA)
По итогам встречи участники подчеркнули необходимость дальнейшей координации и ускорения практической реализации предложенных инициатив.
@agro__press @nasec
