Последние новости

Соңғы жаңалықтар

31.05.2021
Гибр_2а

ҚАЗЕӨШҒЗИ ЕГІСТІГІНДЕ ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫ БУДАНДАСТЫРУ БАСТАЛДЫ

Dark Mode

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының селекциялық тәлімбақтарында болашақ сорттың негізі болып табылатын жаңа буданды тұқым алу процесі – дәнді дақылдарды будандастыру басталды. Биыл күзгі-қысқы-көктемгі кезеңде жауын-шашынның аз мөлшерде түсуіне байланысты күздік дәнді дақылдардың жағдайы біркелкі болмады – өсімдіктердің биіктігі төмен, өнімді түптенуі әлсіз, масақтану кезеңінің тез өтуі байқалуда. Осы факторлардың барлығы жаңа будандардың тұқымын алуды тежейді. Алайда дәнді және жемшөп дақылдары бөлімінің ғалымдары мен мамандары бірлесіп күздік және факультативті бидайдың, күздік және жаздық арпа мен сұлы сорттарын будандастыруда. Күздік бидай бойынша – Құттымбетова Несіпхан, факультативті бидай бойынша – Даулетов Бауыржан, жемдік дәнді дақылдар бойынша – Баймұратов Асқар жұмыс барысын жақсы ұйымдастыруда. Оларға бөлім қызметкерлері, сондай-ақ Қазақ аграрлық-техникалық университетінің тыңдаушылары Әкимият Ерасыл және Аманжолова Сандуғаш көмектесуде.

В КАЗНИИЗИР НАЧАЛАСЬ ГИБРИДИЗАЦИЯ ЗЕРНОВЫХ КУЛЬТУР

В селекционных питомниках Казахского НИИ земледелия и растениеводства началась гибридизация зерновых культур – процесс получения новых гибридных семян, основы будущего сорта. В этом году из-за малого количества осадков в течение осенне-зимне-весеннего периода, состояние озимых зерновых культур получилось неравномерным – высота растений низкая, продуктивная куститстость слабая, идет ранее колошение растений. Все эти факторы сдерживают получения новых гибридных семян. Однако ученые и специалисты отдела зерновых и зернофуражных культур сплоченно работают по гибридизации сортов озимой и факультативной пшеницы, озимого и ярового ячменя и овса. Хорошо выполняется работа организаторов по озимой пшенице – Куттымбетовой Несипхан, факультативной пшенице – Даулетова Бауыржана, зернофуражных культур – Баймуратова Аскара. Им помогают сотрудники отдела, а также практиканты Казахского аграрно-технического университета Әкимият Ерасыл и Аманжолова Сандугаш.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X