Последние новости

Соңғы жаңалықтар

27.10.2026

Гакаш Бияшевтің 120 жылдығына арналған ғылыми конференция өтті

Dark Mode

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті генетик-селекционер, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Гакаш Зәкиұлы Бияшевтің туғанына 120 жыл толуына арналған ғылыми конференция өтті.

Конференцияға Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өкілдері, оның ішінде Басқарма төрайымы Шолпан Бастаубаева қатысты.

Шолпан Бастаубаева өз сөзінде Гакаш Бияшевтің отандық аграрлық ғылымның, генетика мен қант қызылшасы селекциясының дамуына қосқан елеулі үлесіне тоқталды. Сондай-ақ ғалымның Қазақ егіншілік институтында еңбек еткен кезеңі, ғылыми мектеп қалыптастыруы және білікті мамандар даярлаудағы рөлі туралы айтты.

Гакаш Бияшевтің зерттеулері Қазақстанның суармалы егіншілік жағдайында қант қызылшасынан жоғары өнім алуға болатынын дәлелдеді. Ғалым негізін қалаған ғылыми тәсілдер осы дақылдың селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамытуға, жаңа сорттар мен будандар шығаруға ықпал етті.

Бүгінде ҚазЕжӨШҒЗИ ғалымдары Гакаш Бияшев қалыптастырған ғылыми дәстүрлерді жалғастырып, қант қызылшасының жоғары өнімді әрі ауруларға төзімді будандарын шығару, отандық тұқым шаруашылығын дамыту және ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу бағытында жұмыс жүргізуде.

Конференцияға қатысушылар ғалымның ғылыми мұрасы климаттың өзгеруі, су ресурстарының тапшылығы және Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жағдайында ерекше өзектілікке ие екенін атап өтті.

Представители КазНИИЗиР приняли участие в конференции к 120-летию Гакаша Бияшева

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби состоялась научная конференция, посвящённая 120-летию со дня рождения выдающегося учёного-генетика и селекционера, доктора сельскохозяйственных наук, профессора, академика Академии наук Казахской ССР, заслуженного деятеля науки Гакаша Закиевича Бияшева.

В конференции приняли участие представители Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства, в том числе председатель Правления Шолпан Бастаубаева.

В своём выступлении Шолпан Бастаубаева рассказала о значительном вкладе Гакаша Бияшева в развитие отечественной аграрной науки, генетики и селекции сахарной свёклы. Особое внимание она уделила периоду его работы в Казахском институте земледелия, формированию научной школы и подготовке квалифицированных специалистов.

Исследования Гакаша Бияшева доказали возможность получения высоких урожаев сахарной свёклы в условиях орошаемого земледелия Казахстана. Заложенные учёным научные подходы способствовали развитию селекции и семеноводства этой культуры, а также созданию новых сортов и гибридов.

Сегодня учёные КазНИИЗиР продолжают заложенные Гакашем Бияшевым традиции, работая над созданием высокопродуктивных и устойчивых к болезням гибридов сахарной свёклы, развитием отечественного семеноводства и внедрением ресурсосберегающих технологий.

Участники конференции отметили, что научное наследие Гакаша Бияшева сохраняет особую актуальность в условиях изменения климата, дефицита водных ресурсов и необходимости укрепления продовольственной безопасности Казахстана.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X