Последние новости

Соңғы жаңалықтар

10.06.2026

Майлы зығыр селекциясында бастапқы материал қалыптастыру және будандастыру жұмыстары

Dark Mode

Бастапқы селекциялық материалды қалыптастыру мақсатында «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің майлы дақылдар зертханасында далалық тәжірибелер жағдайында майлы зығырдың әртүрлі сорттарын будандастыру жұмыстары жүргізіледі. Генетикалық ресурстардың бай коллекциясының болуы зерттеушілерді шаруашылық тұрғыдан құнды белгілерге ие жаңа селекциялық формалар мен генотиптерді жасауға қажетті бастапқы материалмен қамтамасыз етеді.

Майлы зығыр бойынша селекциялық жұмыстар өнімділік пен оның тұрақтылығын арттыруға, май сапасын жақсартуға, тұқымдағы май мөлшерін көбейтуге және май қышқылдарының құрамын оңтайландыруға бағытталған. Сонымен қатар аурулар мен зиянкестерге, сондай-ақ қоршаған ортаның қолайсыз абиотикалық факторларына (қуаңшылыққа, жоғары және төмен температураларға) төзімділікті күшейту және әртүрлі топырақ-климаттық жағдайларға бейімделген сорттарды шығару негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

Бұдан бөлек, селекцияның маңызды бағыттарына дақылдың технологиялық қасиеттерін жетілдіру, жапырылуға және тұқымның шашылуына төзімділігін арттыру, сондай-ақ тұқым өнімділігі мен шикізат сапасының көрсеткіштерін жақсарту жатады.

Формирование исходного селекционного материала и гибридизация льна масличного

С целью формирования исходного селекционного материала в условиях полевых опытов лаборатории масличных культур ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» проводится гибридизация различных сортов льна масличного. Наличие обширной коллекции генетических ресурсов обеспечивает исследователей ценным исходным материалом для создания новых селекционных форм и генотипов, обладающих хозяйственно ценными признаками.

Селекционная работа по льну масличному направлена на повышение урожайности и стабильности продуктивности, улучшение качественных характеристик масла, увеличение содержания масла в семенах и оптимизацию его жирнокислотного состава. Особое внимание уделяется повышению устойчивости растений к болезням, вредителям и неблагоприятным абиотическим факторам среды, таким как засуха, высокие и низкие температуры.

Кроме того, важными направлениями селекции являются создание сортов, адаптированных к различным почвенно-климатическим условиям выращивания, повышение технологичности культуры, устойчивости к полеганию и осыпанию, а также улучшение показателей семенной продуктивности и качества получаемого сырья.

@agro__press


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X