Последние новости

Соңғы жаңалықтар

23.06.2026

Сандық биологиялық қорғау: Bio Drop технологиясы соя мен жүгері алқаптарында қолданылды

Dark Mode

2026 жылғы 20 маусымда Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының органикалық тәжірибе алқабында соя мен жүгері егістіктерінде Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мамандары алғаш рет ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып Bio Drop капсулалары технологиясын қолданды.

Bio Drop – институт әзірлеген инновациялық технология. Ол арнайы таратқыш құрылғыдан және пайдалы энтомофаг жәндіктері салынған биоыдырайтын капсулалардан тұрады. Құрылғының барлық бөлшектері 3D-баспа технологиясы арқылы жобаланып, дайындалған.

Капсулалар дронға жүктеліп, егістік алқабына автоматты түрде шашылады. Жерге түскеннен кейін энтомофагтар капсулалардан қауіпсіз шығып, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестеріне қарсы күреске кіріседі.

Биологиялық қорғау барысында энтомофагтардың екі түрі пайдаланылды:

Трихограмма (Trichogramma spp.) – қабыршаққанаттылардың жұмыртқаларын паразиттеп, жұлдызқұрттардың пайда болуына жол бермейді;

Габробракон (Habrobracon hebetor) – ересек жастағы жұлдызқұрттарды зақымдап, олардың санын және зияндылығын төмендетеді.

Bio Drop технологиясын ұшқышсыз ұшу аппараттарымен бірге қолдану химиялық пестицидтерді пайдаланбай-ақ зиянкестердің санын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Бұл агроэкожүйенің экологиялық қауіпсіздігін сақтап, органикалық ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына ықпал етеді.

Аталған технологияның әзірлеушісі – Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты.

Цифровая биозащита: технология Bio Drop на полях сои и кукурузы

20 июня 2026 года на органическом стационаре КазНИИ земледелия и растениеводства на посевах сои и кукурузы, специалисты Казахского научно-исследовательского института защиты и карантина растений им. Ж.Жиембаева, впервые применили технологию Bio Drop капсул с использованием беспилотных летательных аппаратов.

Bio Drop — это инновационная разработка института, представляющая собой разбрасыватель и специальные биоразлагаемые капсулы с полезными насекомыми — энтомофагами. Элементы конструкции спроектированы и изготовлены с применением технологий 3 D — печати. Капсулы загружаются в дрон, который автоматически распределяет их по полю. После внесения энтомофаги безопасно выходят из капсул и приступают к уничтожению вредителей сельскохозяйственных культур.

В рамках биологической защиты использованы два вида энтомофагов:

Трихограмма (Trichogramma spp.) — паразитирует яйца чешуекрылых вредителей, предотвращая появление гусениц. Габробракон (Habrobracon hebetor) — поражает гусениц старших возрастов, снижая их численность и вредоносность.

Применение технологии Bio Drop в сочетании с БПЛА позволяет эффективно контролировать численность вредителей без использования химических пестицидов, сохраняя экологическую безопасность агроэкосистем и обеспечивая устойчивое органическое производство.

Разработчиком данной технологии является КазНИИЗиКР.

@agro__press @nasec


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X