Жас ғалымдар халықаралық аграрлық конференцияға белсенді қатысты
2026 жылғы 21 мамырда Алматы қаласындағы Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтында «Қазақстанның аграрлық ғылымын және агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз етуді дамыту: теория, әдіснама және практика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталған конференцияға «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» жас ғалымдары А.А. Амангелдиева, Қ. Қойланов, Б.Н. Майкотов, К.У. Рүстемова белсенді қатысты.
Конференция аясында ұйымдастырылған «Аграрлық секторды жаһандық климаттық өзгерістерге бейімдеу жүйесіндегі агробиология және фитосанитария» секциялық отырысында климаттық өзгерістер жағдайындағы аграрлық ғылымның өзекті мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар өсімдік қорғау, селекция, биотехнология және фитосанитариялық қауіпсіздік бағыттары бойынша ғылыми пікір алмасулар өтті.

Жас зерттеушілер өз ғылыми баяндамаларын ұсынып, заманауи агроғылымдағы инновациялық тәсілдер мен жаңа технологиялар жөнінде ой бөлісті. Әсіресе, ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту, өсімдіктердің стресс факторларға төзімділігін арттыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Осындай халықаралық ғылыми алаңдар жас ғалымдардың кәсіби тәжірибесін арттырып қана қоймай, ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және жаңа ғылыми идеялардың қалыптасуына үлкен мүмкіндік береді.
Ғылым – болашақтың кепілі, ал жас ғалымдардың ізденісі – ел аграрлық ғылымының жарқын келешегі!

Молодые ученые приняли активное участие в международной аграрной конференции
21 мая 2026 года в Алматы, в Казахском научно-исследовательском институте защиты и карантина растений имени Ж. Жиембаева, состоялась международная научно-практическая конференция «Развитие аграрной науки Казахстана и научное обеспечение агропромышленного комплекса: теория, методология и практика».
В работе конференции активное участие приняли молодые ученые «Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства» – А.А. Амангельдиева, К. Койланов, Б.Н. Майкотов и К.У. Рустемова.
В рамках конференции на секционном заседании «Агробиология и фитосанитария в системе адаптации аграрного сектора к глобальным климатическим изменениям» были обсуждены актуальные вопросы аграрной науки в условиях изменения климата. Особое внимание уделили направлениям защиты растений, селекции, биотехнологии и фитосанитарной безопасности.

Молодые исследователи представили свои научные доклады и обменялись мнениями о современных методах и инновационных решениях в аграрной науке. В центре внимания также находились вопросы устойчивого развития сельского хозяйства, повышения устойчивости растений к стрессовым факторам и обеспечения продовольственной безопасности.
Подобные международные научные площадки не только способствуют профессиональному росту молодых ученых, но и укрепляют связь науки и производства, развивают международное сотрудничество и создают условия для появления новых научных идей.

Наука – залог будущего, а стремление молодых ученых к знаниям – основа успешного развития аграрной науки страны!
@agro__press @nasec.kz
