13.03.2025
Соңғы жаңалықтар
Бүгін «Қазақ егіншілігі және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» Жас Ғалымдар Кеңесі ұйымдастырған дөңгелек үстелге еліміздің әр түкпірінен келген жас ғалымдар белсене қатысты. Аталмыш шараға ауыл шаруашылығы ғылымдарының жетекші мамандары мен әртүрлі ғылыми-зерттеу институттарының жас ғалымдары мен докторанттары өз зерттеулерімен бөлісіп, ғылыми жаңалықтар мен инновациялық идеялар төңірегінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Дөңгелек үстелге қатысқан ғылыми институттар қатарында:
«Қазақ егіншілігі және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты»; Ө. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты; Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми зерттеу институты; Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биотехнология мамандығының 1 курс докторанттары болды.
Бұл дөңгелек үстел жас ғалымдардың өзара ғылым мен тәжірибе алмасуына мүмкіндік беріп, сонымен қатар климаттық өзгерістер мен ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Жас ғалымдардың қатысуы мен ұсыныстары бүгінгі кездесуді ерекше әрі пайдалы етті, ал олар ғылым мен зерттеудің жаңа жолдарын ұсынуда үлкен рөл атқарды.
— Алдағы уақытта ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайта отырып, еліміздің ауыл шаруашылығы мен экология саласын дамытуға бірлесе үлкен үлес қосатын боламыз, — деді Жас ғалымдар төрағасы Касымхан Қойланов.
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.