Последние новости

Соңғы жаңалықтар

07.03.2024

Жас ғалымдар аруларды Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтады

Dark Mode

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары мейрам күніне арналған концерттік шара өткізді.

Кеш басында Басқарма Төрағасы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі Шолпан Бастаубаева аруларды мерекелерімен құттықтады.      

                                                                                               
Жас ғалымдар кенесінің төрағасы Бекжан Нұрқадамұлы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының барша әйелдер ұжымын Халықаралық әйеледр күнімен құттықтады.

— Ардақты аналар, аяулы арулар!
Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты сәті аналарымыз бен аруларымыздың мейрамынан бастау алады. Ізгі ниет пен сұлулыққа, сырбаз сезім мен сыйластыққа толы осы күн жан-дүниені жадыратып, жүректерге жылу береді. Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген аналар қауымы ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілеймін! Әрдайым жадырап, гүлдей құлпырып жүре бергейсіздер — деді жас ғалымдар кенесінің төрағасы Бекжан Нұрқадамұлы.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X