25.04.2026
Соңғы жаңалықтар
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты аумағында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында көрнекті қазақстандық ғалым-аграрий, профессор, ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына зор үлес қосқан Мұхаметжан Ерлепесовтың есімімен аталған көше толық тазартылды.

Ұзындығы 2 шақырымды құрайтын көше бойы ретке келтіріліп, айнала қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар, егіс алқаптарынан 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, бұл шамамен 15 тіркемені құрады.
Сенбілік аясында көгалдандыру жұмыстары да жүргізілді. Барлығы 10 ағаш отырғызылды. Оның ішінде 6 Қырым қарағайы бұған дейін негізі қаланған «Ғалымдар аллеясына» егілді, ал қалған жапырақты ағаштар аумақты көгалдандыру мақсатында отырғызылды. Аллеядағы әрбір ағаш көрнекті ғалымдардың есімімен аталып, ғылымға деген құрметтің белгісіне айналып отыр.

В КазНИИЗиР прошёл субботник в рамках программы «Таза Казахстан»
Сегодня на территории Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства состоялся масштабный субботник в рамках программы «Таза Казахстан». В ходе акции была очищена улица, названная в честь видного казахстанского учёного-агрария, профессора, внёсшего значительный вклад в развитие сельскохозяйственной науки страны –Мухаметжана Ерлепесова.

Улица протяжённостью 2 километра была полностью приведена в порядок. Кроме того, с полей вывезено около 80 тонн мусора, что составило порядка 15 прицепов.
В рамках субботника также проведены работы по озеленению: всего высажено 10 деревьев. Из них 6 крымских сосен высадили на уже существующей «Аллее учёных», где ранее были посажены другие деревья, а оставшиеся лиственные деревья – на территории института для её благоустройства. Каждое дерево в аллее носит имя выдающихся учёных, символизируя уважение к науке.
@agro__press @nasec.kz
КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.