ҚазЕжӨШҒЗИ мен Цинхай провинциясының делегациясы ғылыми ынтымақтастықты талқылады
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Қытайдың Цинхай провинциясынан жұмыс делегациясы келді. Сапар Алматы облысы мен Цинхай провинциясы арасындағы халықаралық бауырлас өңірлер ынтымақтастығын дамыту аясында ұйымдастырылды.
Делегация құрамына Цинхай провинциясының Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер департаменті тұқым шаруашылығын басқару бөлімінің басшысы Ли Сянцзюй, Цинхай университетінің Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы ғылымдары академиясы ғылыми қызметкерінің орынбасары Е Гуанцзи, Qinghai Sanjiang Agriculture and Animal Husbandry Development Group Co., Ltd компаниясының Ғылым және технологияларды басқару департаменті ғылым және технологиялар бөлімінің басшысы Чжан Хайлун, сондай-ақ Цинхай провинциясының Сыртқы істер басқармасының аудармашысы Шуай Лань кірді.

Кездесу барысында қонақтар ҚазЕжӨШҒЗИ қызметімен танысып, институт басшылығымен ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Қытайлық мамандар институттың генетикалық банкіне ерекше қызығушылық танытты.
ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары Азамат Хидиров институт генетикалық ресурстардың үлгілерін сақтайтынын, алайда коллекцияда көрсетілген барлық сорт бойынша ғылыми жұмыс жүргізілетінін түсіндірді.
Делегация өкілдері сорттарды Орталық Азия елдеріне ұсыну талаптарын да сұрады. Азамат Хидиров тұқым материалы тегін берілмейтінін және оны ұсыну келісім негізінде жүзеге асырылатынын айтты.
Кездесуде органикалық егіншілік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қытайлық мамандар институттың осы бағытта жұмыс жүргізетінін сұрады. ҚазЕжӨШҒЗИ өкілдері коллекцияда химиялық құралдарды барынша аз қолданып немесе мүлде қолданбай өсіруге жарамды сорттар жеткілікті екенін жеткізді.
Қытай тарапы институтпен ынтымақтастық орнатуды ұсынып, тұқым материалдарымен алмасуға мүдделі екенін білдірді. Азамат Хидиров ҚазЕжӨШҒЗИ-дің коммерциялық мақсатта емес, ғылыми алмасу аясында өзара жұмыс жүргізуге дайын екенін атап өтті.
Қытайлық мамандар институтты қандай дақылдардың тұқымдары қызықтыратынын сұрады. Азамат Хидиров жүгері тұқымдарына қызығушылық бар екенін айтты. Кездесу қорытындысында тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін талқылап, қажетті тұқым үлгілерімен алмасу мәселелерін қосымша пысықтауға келісті.
Бұл сапар Алматы облысы мен Цинхай провинциясы арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға жаңа серпін беріп, екі елдің ғылыми ұйымдары арасындағы ауыл шаруашылығы саласындағы өзара ықпалдастықты кеңейтеді деп күтілуде.
КазНИИЗиР и делегация провинции Цинхай обсудили научное сотрудничество
Сегодня Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетила рабочая делегация из китайской провинции Цинхай. Визит состоялся в рамках развития сотрудничества между Алматинской областью и провинцией Цинхай как международными регионами-побратимами.
В состав делегации вошли начальник отдела управления семенной отраслью Департамента сельского хозяйства и сельских дел провинции Цинхай Ли Сянцзюй, заместитель научного сотрудника Академии сельскохозяйственных и лесных наук Университета Цинхая Е Гуанцзи, начальник отдела науки и технологий компании Qinghai Sanjiang Agriculture and Animal Husbandry Development Group Co., Ltd Чжан Хайлун, а также переводчик Управления иностранных дел провинции Цинхай Шуай Лань.

В ходе встречи гости ознакомились с деятельностью КазНИИЗиР и обсудили с руководством института перспективы двустороннего сотрудничества в сфере сельского хозяйства. Особый интерес китайских специалистов вызвал генетический банк института.
Заместитель Председателя правления КазНИИЗиР по науке Азамат Хидиров пояснил, что институт обеспечивает хранение образцов генетических ресурсов и научная работа ведётся по всем сортам, представленным в коллекции.
Представители делегации также поинтересовались условиями предоставления сортов странам Центральной Азии. Азамат Хидиров отметил, что семенной материал не передаётся бесплатно, а его предоставление осуществляется на договорной основе.
Отдельной темой встречи стало органическое земледелие. Китайские специалисты спросили, работает ли институт в этом направлении. Представители КазНИИЗиР сообщили, что в коллекции имеются сорта, пригодные для выращивания с минимальным применением химических средств или без них.
Китайская сторона предложила наладить сотрудничество с институтом и выразила заинтересованность в обмене семенным материалом. Азамат Хидиров подчеркнул, что КазНИИЗиР готов к взаимодействию в рамках научного обмена, но не в коммерческих целях.
На вопрос о том, какие культуры представляют для института наибольший интерес, Азамат Хидиров назвал кукурузу. По итогам встречи стороны обсудили возможность проведения совместных научных исследований и договорились дополнительно проработать вопросы обмена необходимыми образцами семян.
Ожидается, что визит придаст новый импульс развитию партнёрских связей между Алматинской областью и провинцией Цинхай, а также расширит взаимодействие научных организаций двух стран в сфере сельского хозяйства.
@agro__press @nasec
