Последние новости

Соңғы жаңалықтар

24.04.2026

Құрғақшылыққа төзімді дақылдар зерттеуі

Dark Mode

Егіншілік зертханасының тәжірибе танабында құрғақшылыққа төзімді дақылдарды тәлімі жағдайда өсірудің заманауи технологиялары кешенді түрде зерттелуде. Зерттеу жұмыстарының негізгі мақсаты – қор сақтаушы агротехнологияларды енгізу арқылы дақылдардың өнімділігін арттыру және топырақ ресурстарын ұтымды пайдалану.

Тәжірибе барысында өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдері толық қамтылып, олардың дамуына әсер ететін факторлар жан-жақты талданады. Атап айтқанда, топырақтың агрохимиялық көрсеткіштерін анықтау үшін арнайы үлгілер алынып, оның құнарлылығы мен құрылымдық ерекшеліктері бағаланды.

Сонымен қатар, көктеген өсімдіктердің жиілігі есепке алынып, олардың біркелкі өсуі мен даму қарқыны сарапталды. Топырақтың ылғалдылығы мен тығыздығын анықтау мақсатында қосымша зертханалық талдаулар жүргізілді. Өсімдіктердің физиологиялық жағдайын бағалау үшін жапырақ құрамындағы хлорофилл мөлшері анықталып, фотосинтез қарқындылығы сипатталды.

Алынған нәтижелер қор сақтаушы технологиялардың құрғақшылық жағдайында дақылдардың өсіп-дамуына оң ықпал ететінін көрсетеді. Бұл деректер ауыл шаруашылығы өндірісінде тиімді әрі тұрақты агротехнологияларды енгізуге негіз бола алады.

Исследование засухоустойчивых культур

На опытном поле лаборатории земледелия проводятся комплексные исследования по выращиванию засухоустойчивых культур с применением различных технологий в богарных условиях. Основная цель работы –повышение урожайности сельскохозяйственных культур за счёт внедрения ресурсосберегающих технологий и рационального использования плодородия почвы.

В ходе эксперимента изучаются все фазы роста и развития растений, а также факторы, влияющие на их продуктивность. В частности, для определения агрохимических показателей были отобраны образцы почвы, что позволило оценить её плодородие и структурные особенности.

Дополнительно учитывалась густота всходов и анализировалась равномерность роста растений. Были проведены исследования влажности и плотности почвы. Для оценки физиологического состояния растений определялось содержание хлорофилла в листьях, что характеризует интенсивность фотосинтеза.

Результаты исследования показывают, что ресурсосберегающие технологии оказывают положительное влияние на рост и развитие культур в условиях засухи. Полученные данные могут быть использованы для внедрения эффективных и устойчивых агротехнологий в сельскохозяйственное производство.

@agro__press @nasec.kz


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X