Қазақстан мен Қытай ғалымдары ынтымақтастықты талқылады
Бүгін Zoom платформасы арқылы Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары мен қытайлық әріптестер арасында онлайн-кездесу өтті. Тараптар селекция, ауыл шаруашылығын цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу бағыттарындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін қарастырды.

Қытайлық мамандар ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен будандарын жедел шығаруға арналған жасанды интеллект элементтері бар болжамды селекция платформасын таныстырды. Сонымен қатар Сунь Ятсен университетімен және ТМД елдерімен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Гуандун халықаралық альянсымен бірлесіп жұмыс істеудің ықтимал бағыттары ұсынылды.
2009 жылы құрылған альянс Қытайдың компанияларын, жоғары оқу орындарын, ғылыми-зерттеу институттары мен технологиялық парктерін ТМД елдеріндегі серіктестермен байланыстырады. Қазіргі кезде ұйым 400-ден астам ғылыми мекеме және жоғары технологиялық кәсіпорынмен тұрақты қарым-қатынас орнатқан. Ынтымақтастық бірлескен зерттеулер жүргізуді, технологияларды сынау мен өндіріске енгізуді, ғылыми орталықтар мен зертханалар құруды, мамандар алмасуды және халықаралық жобаларды жүзеге асыруды қамтиды.
ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрағасы Шолпан Бастаубаева институттың роботтандырылған технологияларды енгізуге, қол еңбегін азайтуға және зерттеу жұмыстарының цифрлық әдістерін дамытуға мүдделі екенін атап өтті. Институт бірлескен жобалар үшін төрт мың гектар тәжірибелік жер телімін, сондай-ақ генетикалық және селекциялық материалдар ұсынуға дайын.

Кездесуге қатысушылар ортақ зертхана мен цифрландыру орталығын ашу, бірыңғай ғылыми платформа қалыптастыру, бірлескен зерттеулер жүргізу және мамандарға арналған оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру мүмкіндіктерін талқылады. Ғылыми материалдармен алмасуға және жас зерттеушілердің академиялық ұтқырлығын кеңейтуге де ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысында тараптар хаттама әзірлеп, алдағы жұмыстардың жол картасын дайындауға және келесі жылға арналған ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттарын белгілеуге келісті. Бірлескен бастамалар селекциялық үдерісті жеделдетуге, заманауи технологияларды енгізуге және Қазақстан мен Қытай арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталады.
Учёные Казахстана и Китая обсудили сотрудничество
Сегодня в формате Zoom состоялась встреча учёных Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства с китайскими коллегами. Стороны обсудили перспективы научно-технического сотрудничества в области селекции, цифровизации сельского хозяйства и внедрения искусственного интеллекта.
Китайские специалисты представили платформу предиктивной селекции с элементами искусственного интеллекта, предназначенную для ускоренного создания новых сортов и гибридов сельскохозяйственных культур. Также были озвучены возможные направления взаимодействия с Университетом Сунь Ятсена и Гуандунским международным альянсом научно-технического сотрудничества со странами СНГ.
Альянс, созданный в 2009 году, объединяет китайские компании, университеты, научно-исследовательские институты и технологические парки с партнёрами из стран СНГ. В настоящее время он поддерживает связи более чем с 400 научными организациями и высокотехнологичными предприятиями. Работа ведётся в формате совместных исследований, испытаний и внедрения технологий, создания научных центров и лабораторий, обмена специалистами и реализации международных проектов.

Председатель Правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева отметила заинтересованность института во внедрении роботизированных технологий, сокращении доли ручного труда и дальнейшем развитии цифровых методов исследований. Институт готов предоставить для совместных проектов опытный участок площадью четыре тысячи гектаров, а также генетический и селекционный материал.
Участники рассмотрели возможность создания совместной лаборатории и центра цифровизации, разработки единой исследовательской платформы, проведения совместных научных работ и организации обучения специалистов. Отдельное внимание было уделено обмену научными материалами и расширению академической мобильности молодых учёных.
По итогам встречи стороны договорились подготовить протокол, сформировать дорожную карту дальнейшего взаимодействия и определить стратегические направления сотрудничества на следующий год. Совместные инициативы будут направлены на ускорение селекционного процесса, внедрение современных технологий и укрепление научных связей между Казахстаном и Китаем.
@agro__press @nasec
