Ғылым елдерді даму жолында жақындастырады
2026 жылғы 19–20 тамызда Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министрі Оксана Луттың шақыруымен «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма төрағасы Ш.О. Бастаубаева Қазан қаласында өткен «Орыс даласы – 2026» селекционерлер мен тұқым өсірушілердің III Бүкілресейлік форумына қатысты. Іс-шара Башир Рамеев атындағы ІТ-парк алаңында ұйымдастырылды.

Қазақстандық делегацияны «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Б.К. Асанов басқарды. Делегация құрамына Өсімдік сорттарын мемлекеттік сынау және қорғау комитетінің төрағасы Т.Б. Ажғалиев, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры К.М. Тілеуов, сондай-ақ Қазақстанның жетекші селекционер ғалымдары, соның ішінде Б.А. Айнебекова, А.Т. Саянов, Р. Искаков және басқа да мамандар кірді.
Форумның негізгі тақырыптарының бірі 2026 жылы К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университеті базасында құрылған ауыл шаруашылығы дақылдарын жедел селекциялауға арналған «ПУСК» ғылыми бағдарламасы болды. Оның басты мақсаты – дәстүрлі селекциядан предиктивті модельге көшу.
Бағдарлама генотиптік және фенотиптік мәліметтерді, топырақ, климат пен агротехнологиялар туралы ақпаратты жасанды интеллект мүмкіндіктерімен біріктіреді. Мұндай тәсіл өсімдіктердің құнды белгілерін алдын ала болжауға, перспективалы генотиптерді мақсатты түрде іріктеуге және жаңа сорттарды шығару мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

«ПУСК» бағдарламасына 86 ғылыми-зерттеу ұйымы мен бизнес өкілдері қатысады. Селекциялық жұмыстар ауыл шаруашылығы дақылдарының 16 негізгі түрі бойынша жүргізіліп, Ресейдің 37 өңірінде 124 сынақ алаңы ұйымдастырылған. Бағдарламаның басты міндеттерінің бірі – жаңа сорт шығару мерзімін 8–10 жылдан 2–3 жылға дейін қысқарту.
Қазақстанның аграрлық ғылымы үшін геномдық және фенотиптік мәліметтерді, топырақ пен климат жағдайлары туралы ақпаратты, биоинформатика әдістері мен жасанды интеллектіні кешенді қолдану ерекше қызығушылық тудырады. Бұл тәсіл Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ұсынған «Бидай 2027–2031» флагмандық бағдарламасымен үндеседі.
Аталған бағдарлама аясында заманауи геномдық, цифрлық және жасанды интеллект технологияларын селекциялық үдеріске енгізуге бағытталған «Қазақстан бидайының цифрлық және предиктивті селекциясы – 2030» бағытын күшейту перспективалы бастамалардың бірі бола алады.
Форум барысында қазақстандық делегация өкілдері Ресейдің жетекші селекциялық орталықтарының басшыларымен келіссөздер жүргізіп, тәжірибе және ғылыми білім алмасты. Сонымен қатар селекция, тұқым шаруашылығы және аграрлық ғылымды цифрландыру салаларындағы ықтимал өзара іс-қимыл бағыттары талқыланды.

Қазақстандық ғалымдар предиктивті селекция мен геномдық технологияларды дамытуға, классикалық әдістерден цифрлық болжауға көшуге, ұлттық генетикалық ресурстарды сақтап, тиімді пайдалануға және жаңа сорттарды ауыл шаруашылығы өндірісіне жедел енгізуге ерекше қызығушылық танытты.
20 тамызда форум қатысушылары Қазан мемлекеттік аграрлық университетінің Агробиотехнопаркіне барды. «Егістік күні» практикалық бағдарламасы аясында заманауи ресейлік сорттар, перспективалы селекциялық әзірлемелер, ғылыми ұйымдар мен аграрлық компаниялардың технологиялық шешімдері таныстырылды.
Іссапар аяқталғаннан кейін Ш.О. Бастаубаева Facebook парақшасында бидай селекциясы саласындағы халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың келешегі жөніндегі жеке пікірін жариялады.
Ол құрғақшылық, аптап ыстық, өсімдік аурулары, топырақтың тозуы және өзге де климаттық сын-қатерлермен күресу мақсатында ұлттық селекциялық бағдарламалар арасындағы ықпалдастықты дамытып жатқан Африка елдерінің тәжірибесіне назар аударды.
Қазіргі ауыл шаруашылығындағы мәселелер жекелеген мемлекеттердің шекарасымен шектелмейді. Бір генетикалық материалды әртүрлі агроэкологиялық жағдайда сынауға, ал алынған деректерді, технологиялар мен ғылыми зерттеу нәтижелерін селекциялық үдерісті жеделдету үшін пайдалануға болады.
Мұндай тәсіл бидай өндірісі құрғақшылыққа, ылғал тапшылығына, жоғары температураға, өсімдік ауруларына және өнімділіктің күрт өзгеруіне тәуелді Қазақстан үшін де өзекті.
Бұл бағытта Қазақстан мен Ресей арасындағы ғылыми байланысты одан әрі дамыту маңызды болуы мүмкін. Екі елдің КАСИБ желісі аясында қалыптасқан оң тәжірибесі бар. Аталған желі арқылы 15 мыңнан астам селекциялық линия алмасып, әртүрлі табиғи-климаттық жағдайда сыналған.
Африка ғалымдарының тәжірибесі дайын үлгі ретінде емес, әртүрлі мемлекеттердің ортақ мәселелерді шешу үшін ғылыми әлеуетін қалай ұштастыра алатынын көрсететін мысал ретінде қарастырылады. Қазақстан үшін бұл тәсіл селекционерлер арасындағы ұлттық және халықаралық байланысты нығайтуға, бірлескен зерттеулер жүргізуге және геномдық, цифрлық әрі жасанды интеллект технологияларын енгізуге мүмкіндік береді.
«Орыс даласы 026» форумына қатысу қазақстандық ғалымдардың озық әзірлемелермен танысуына, кәсіби байланыстарын кеңейтуіне және ықтимал өзара іс-қимыл бағыттарын айқындауына жол ашты. Ал Ш.О. Бастаубаеваның кейін жариялаған пікірі білім, технологиялар және генетикалық ресурстар алмасуға негізделген ғылыми диалогты одан әрі дамытудың мүмкін бағытын көрсетті.
Наука объединяет страны для развития
19–20 августа 2026 года по приглашению министра сельского хозяйства Российской Федерации Оксаны Лут председатель Правления ТОО «КазНИИЗиР» Ш.О. Бастаубаева приняла участие в III Всероссийском форуме селекционеров и семеноводов «Русское поле – 2026». Мероприятие состоялось в Казани на площадке ИТ-парка имени Башира Рамеева.
Казахстанскую делегацию возглавил председатель Правления НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» Б.К. Асанов. В ее состав вошли председатель Комитета государственного сортового испытания и защиты сортов растений Т.Б. Ажгалиев, ректор Казахского агротехнического исследовательского университета имени С. Сейфуллина К.М. Тиреуов, а также ведущие ученые-селекционеры Казахстана, в том числе Б.А. Айнебекова, А.Т. Саянов, Р. Искаков и другие специалисты.

Одной из центральных тем форума стала научная программа ускоренной селекции сельскохозяйственных культур «ПУСК», созданная в 2026 году на базе РГАУ–МСХА имени К.А. Тимирязева. Ее основная задача заключается в переходе от традиционной селекции к предиктивной модели.
Программа объединяет генотипические и фенотипические данные, информацию о почве, климате и агротехнологиях с возможностями искусственного интеллекта. Такой подход позволяет прогнозировать ценные признаки растений, целенаправленно отбирать перспективные генотипы и значительно сокращать сроки создания новых сортов.
В программе «ПУСК» участвуют 86 научно-исследовательских организаций и представители бизнеса. Селекционная работа ведется по 16 ведущим сельскохозяйственным культурам, а испытания организованы в 124 точках, расположенных в 37 регионах России. Одной из главных целей программы является сокращение срока создания нового сорта с 8–10 до 2–3 лет.
Для казахстанской аграрной науки особый интерес представляет комплексное использование геномных и фенотипических данных, сведений о почвенно-климатических условиях, методов биоинформатики и искусственного интеллекта. Этот подход перекликается с предложенной Национальной академией наук Республики Казахстан флагманской программой «Пшеница 2027–2031».
Перспективным направлением может стать усиление в рамках этой программы блока «Цифровая и предиктивная селекция пшеницы Казахстана – 2030», ориентированного на внедрение современных геномных, цифровых и ИИ-технологий в селекционный процесс.
Во время форума представители казахстанской делегации провели переговоры с руководителями российских селекционных центров, обменялись опытом и научными знаниями, а также обсудили перспективные направления взаимодействия в области селекции, семеноводства и цифровизации аграрной науки.

Особый интерес у казахстанских ученых вызвали развитие предиктивной селекции и геномных технологий, переход от классических методов к цифровому прогнозированию, сохранение и эффективное использование национальных генетических ресурсов, а также ускоренное внедрение новых сортов в сельскохозяйственное производство.
20 августа участники форума посетили Агробиотехнопарк Казанского государственного аграрного университета. Во время практической части «День поля» были представлены современные российские сорта, перспективные селекционные разработки и технологические решения научных организаций и аграрных компаний.
После завершения поездки Ш.О. Бастаубаева на своей странице в Facebook отдельно поделилась мнением о перспективах международного сотрудничества в области селекции пшеницы.
Она обратила внимание на опыт африканских стран, ученые которых развивают взаимодействие между национальными селекционными программами для противодействия засухе, жаре, болезням растений, деградации почв и другим климатическим вызовам.
Проблемы современного сельского хозяйства не ограничиваются границами отдельных государств. Один и тот же генетический материал можно испытывать в разных агроэкологических условиях, а полученные данные, технологии и результаты исследований – использовать для ускорения селекционного процесса.
Такой подход актуален и для Казахстана, производство пшеницы в котором особенно чувствительно к засухе, дефициту влаги, высоким температурам, болезням растений и резким колебаниям урожайности.
Особое значение в этом направлении может иметь дальнейшее развитие научного взаимодействия Казахстана и России. У двух стран уже есть положительный опыт сотрудничества в рамках сети КАСИБ. Через эту сеть было передано и испытано более 15 тысяч селекционных линий.
Опыт африканских ученых рассматривается не как готовая модель, а как пример того, как разные страны могут объединять научный потенциал для решения общих задач. Для Казахстана такой подход открывает возможности для укрепления национальных и международных связей между селекционерами, проведения совместных исследований и внедрения геномных, цифровых и ИИ-технологий.
Участие в форуме «Русское поле – 2026» позволило казахстанским ученым ознакомиться с передовыми разработками, расширить профессиональные контакты и определить перспективные направления взаимодействия. А последующее мнение Ш.О. Бастаубаевой обозначило возможный путь дальнейшего научного диалога, основанного на обмене знаниями, технологиями и генетическими ресурсами.
@agro__press @nasec
