«АӨК ғалымдары»: Раушан Ержебаева өсімдік биотехнологиясы туралы
«АӨК ғалымдары» айдарында аграрлық ғылымды дәріптеп, отандық ғалымдардың еңбегімен таныстыруды жалғастырамыз. Бүгін ауыл шаруашылығы дақылдарының селекциясын жеделдетуге және оның дәлдігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи биотехнологиялық әдістер туралы сөз қозғаймыз.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының базасында Өсімдіктер биотехнологиясы зертханасы жұмыс істейді. Зертхана қызметі ауыл шаруашылығы дақылдарының перспективалы сорттары мен үлгілерін шығаруда заманауи ғылыми тәсілдерді қолдануға бағытталған.
Зертханаға биология ғылымдарының кандидаты, профессор Раушан Ержебаева жетекшілік етеді.
Зертхананың негізгі миссиясы – заманауи биотехнологиялық әдістерді пайдалану арқылы селекциялық үдерісті жеделдету және өсімдіктерді іріктеу дәлдігін арттыру. Мұндай технологиялар құнды өсімдік материалын тиімді зерттеуге, қажетті белгілерді анықтауға және жаңа сорттарды шығару мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Зертхананың ғылыми жұмысы отандық селекцияны дамытуға, институттың зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген ауыл шаруашылығы дақылдарын шығаруға үлес қосады.
Отандық ғалымдардың зерттеулері, жетістіктері және еліміздің ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі туралы әңгімелеуді жалғастырамыз.

«Ученые в АПК»: Раушан Ержебаева о биотехнологии растений
В рубрике «Ученые в АПК» продолжаем популяризировать аграрную науку и знакомить с работой отечественных ученых. Сегодня рассказываем о современных биотехнологических методах, которые позволяют ускорить селекцию сельскохозяйственных культур и повысить её точность.
На базе Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства функционирует лаборатория биотехнологии растений. Её деятельность направлена на применение современных научных подходов при создании перспективных сортов и форм сельскохозяйственных культур.
Лабораторию возглавляет кандидат биологических наук, профессор Раушан Ержебаева.
Основная миссия лаборатории – ускорение селекционного процесса и повышение точности отбора растений с использованием современных методов биотехнологии. Эти технологии позволяют более эффективно изучать ценный растительный материал, выявлять необходимые признаки и сокращать сроки создания новых сортов.
Работа лаборатории способствует развитию отечественной селекции, расширению научных возможностей института и созданию сельскохозяйственных культур, адаптированных к природно-климатическим условиям Казахстана.
Продолжаем рассказывать об отечественных учёных, их исследованиях и вкладе в развитие аграрной науки и сельского хозяйства страны.
@agro__press @nasec
