Ғылым мен өндірісті ұштастырған тәжірибелік семинар
2026 жылғы 21 шілдеде Алматы облысы, Райымбек ауданы, Сарыбастау ауылында өңірдің ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне арналған «Экологиялық таза өнім өндіріп, табысты арттыру жолдары» тақырыбында тәжірибелік семинар өтті.
Іс-шараның алғашқы бөлімі «Altyn Dan» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің егіс алқабында ұйымдастырылды. Қатысушылар Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының ғылыми зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарымен танысты. Егіс алқабында органикалық егіншілік технологиялары, перспективалы дақылдар, отандық сорттар, биологиялық препараттарды қолдану және заманауи агротехнологиялық тәсілдер көрсетілді.
Семинар одан әрі Ұзақ батыр ауылдық округінің әкімшілік ғимаратында жалғасты. Мұнда Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Органикалық егіншілік зертханасының меңгерушісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Слямова Назира Дүсіпханқызы баяндама жасады.
Баяндама барысында топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру, ауыспалы егіс жүйесі, органикалық тыңайтқыштар мен биологиялық препараттарды тиімді пайдалану, өсімдіктерді биологиялық қорғау, ауыл шаруашылығын цифрландыру, өнімді қайта өңдеу және экологиялық таза өнім өндіру арқылы шаруашылықтардың табысын арттыру жолдары қарастырылды.
Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасып, ғылыми әзірлемелерді өндірісте қолдану мүмкіндіктерін талқылады.
Мұндай кездесулер ғылым мен өндіріс арасындағы байланысты нығайтып, тиімді және экологиялық қауіпсіз агротехнологияларды шаруашылықтарға енгізуге ықпал етеді.
Іс-шараға белсенді қатысқан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне, сондай-ақ семинарды ұйымдастыруға қолдау көрсеткен Ұзақ батыр ауылдық округінің әкімдігіне және «Altyn Dan» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің ұжымына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Ғылыми нәтиженің шынайы құндылығы – оның өндіріске енгізіліп, шаруашылыққа нақты пайда әкелуінде.
Практический семинар: объединяя науку и производство
21 июля 2026 года в селе Сарыбастау Райымбекского района Алматинской области состоялся практический семинар для сельхозтоваропроизводителей региона на тему «Пути увеличения доходов за счет производства экологически чистой продукции».
Первая часть мероприятия прошла на полях сельскохозяйственного производственного кооператива «Altyn Dan». Участники ознакомились с работой ученых Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства по внедрению результатов научных исследований в производство.
На демонстрационных участках были представлены технологии органического земледелия, перспективные сельскохозяйственные культуры, отечественные сорта, применение биологических препаратов, а также современные агротехнологические решения.
Во второй части семинар продолжился в административном здании сельского округа Узак батыр. С докладом выступила заведующая лабораторией органического земледелия Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства, кандидат сельскохозяйственных наук Назира Дусипхановна Слямова.
В ходе выступления были рассмотрены вопросы сохранения и восстановления плодородия почв, организации системы севооборота, эффективного применения органических удобрений и биологических препаратов, биологической защиты растений, цифровизации сельского хозяйства, переработки сельскохозяйственной продукции, а также повышения доходности хозяйств за счет производства экологически чистой продукции.
Участники семинара получили возможность задать интересующие вопросы, обменяться практическим опытом и обсудить перспективы внедрения научных разработок в сельскохозяйственное производство.
Подобные встречи способствуют укреплению взаимодействия между наукой и производством, а также внедрению в хозяйства эффективных и экологически безопасных агротехнологий.
Выражаем искреннюю благодарность сельхозтоваропроизводителям за активное участие в семинаре, а также акимату сельского округа Узак батыр и коллективу сельскохозяйственного производственного кооператива «Altyn Dan» за содействие в организации мероприятия.
Настоящая ценность научных разработок заключается в их практическом внедрении и реальной пользе, которую они приносят сельскому хозяйству.
@agro__press @nasec
