Қазақстандық және жапондық ғалымдар бірлескен экспедициядан оралды
Қазақстанның Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты (ҚазЕжӨШҒЗИ) мен Жапонияның Ұлттық аграрлық ғылымдар орталығы арасында өсімдіктердің генетикалық ресурстарын зерттеу бағытында бес жылдық ынтымақтастық туралы келісім жасалған. Осы келісім аясында екі елдің ғалымдары жыл сайын Қазақстанның әртүрлі өңірлеріне бірлескен ғылыми экспедициялар ұйымдастырып, ауыл шаруашылығы дақылдарының жабайы туыстас түрлерін іздеп, олардың тұқымдарын жинайды.
Жуырда экспедициядан оралған жапондық делегация ҚазЕжӨШҒЗИ басшылығымен кездесіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы зерттеулерді талқылады.

Өткен жылы экспедиция Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарын қамтыса, биыл ғылыми зерттеулер Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүргізілді.
Экспедиция барысында жабайы сәбіз, спаржа, қыша және басқа да көкөніс дақылдарының жабайы түрлерінен көптеген тұқым үлгілері жиналды. Бұл материалдар ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикалық әртүрлілігін сақтау және селекциялық зерттеулерді дамыту үшін ерекше маңызға ие.
Жиналған тұқымдардың бір бөлігі институттың Генбанкіне ұзақ мерзімге сақтауға жіберіледі. Қалған үлгілер бойынша ҚазЕжӨШҒЗИ базасында қазақстандық және жапондық ғалымдардың бірлескен ғылыми зерттеулері жалғасады. Кездесу барысында тараптар алдағы бірлескен жұмыстардың жоспарын талқылап, ғылыми ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.
Японские ученые вернулись из совместной экспедиции по сбору генетических ресурсов растений в Казахстане
Японская научная делегация, участвовавшая в совместной экспедиции с учеными Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства (КазНИИЗиР), вернулась из полевых исследований и встретилась с руководством института, чтобы подвести предварительные итоги работы.
Экспедиция проходит в рамках пятилетнего соглашения о сотрудничестве между КазНИИЗиР и Национальным центром аграрных исследований Японии по изучению генетических ресурсов растений. В соответствии с договоренностью казахстанские и японские ученые ежегодно проводят совместные экспедиции по регионам Казахстана для поиска и сбора диких сородичей сельскохозяйственных культур.

В прошлом году исследователи обследовали южные регионы страны – Алматинскую, Жамбылскую, Туркестанскую и Кызылординскую области. В этом году маршрут экспедиции охватил северные регионы – Акмолинскую и Северо-Казахстанскую области.
В ходе экспедиции ученые собрали богатую коллекцию семян диких видов овощных культур, среди которых дикая морковь, спаржа, горчица и другие ценные растения. Эти образцы имеют большое значение для сохранения биоразнообразия и дальнейших исследований в области селекции и устойчивости сельскохозяйственных культур.
Собранный материал будет разделен: часть семян передадут на долгосрочное хранение в Генбанк института, а оставшиеся образцы станут объектом совместных научных исследований казахстанских и японских специалистов в лабораториях КазНИИЗиР.
@agro__press @nasec
