Последние новости

Соңғы жаңалықтар

12.04.2024

12 сәуір – Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күні

Dark Mode

Бүгін 12 Сәуір – Қазақстандағы Ғылым қызметкерлеріміздің және Ғылым академиясының тұңғыш Президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні.

Еліміздегі ғылым саласының әлеуеті зор, әсіресе ауыл шаруашылығы ғылымында, себебі аграрлық сала экономиканың ірі секторы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Ғылымның бүгінгі дамуы – елдің ертеңгі табысының кепілі. Егер әлемдік дамуда көш соңында қалмаймыз десек, ең алдымен ғылымды дамытуымыз керек деген. Ғылымды дамыту – маңызды міндет!!!

Құрметті достар, әріптестер және осы саладағы қызметкерлер!
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ ужымның атынан Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңіз, тың бастамаларыңыз бен жобаларыңыз, батыл идеяларыңыз бен бірегей зерттеулеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге зор денсаулық, сарқылмас қуат, ізденіс жолында шабыт және толағай табыстар тілеймін.

Ізгі ниетпен, Бастаубаева Ш.О.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X