Последние новости

Соңғы жаңалықтар

16.04.2024

Астанада жас ғалымдар саммиті өтті

Dark Mode

Астанада жас ғалымдар саммиті өтті. Шараға Қазақстандағы және шетелдегі жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың жас ғалымдары қатысты.

Қазақстан ғылым қайраткерлері күніне арналған форум заманауи медициналық білім мен ғылымның танымал қайраткерлері арасында диалог пен тәжірибе алмасу алаңын құруға арналған. Форумның қонақтары мен қатысушылары – жас ғалымдар, докторанттар, ғылыми орталықтар мен университеттердің қызметкерлері, мемлекеттік сектордың, бизнес пен компаниялардың өкілдері, сондай-ақ ТМД, Еуропа және Азия елдерінің шетелдік жас ғалымдары.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек форумға қатысушыларға бейнеқұттықтау форматында сөз сөйледі. Ол еліміздегі ғылым мен ғалымдарды қолдау шараларына тоқталды.

Саммит барысында «Жас ғалымдардың тәжірибесі: мүмкіндіктері мен болашағы» тақырыбында сессия өтті. Жас ғалымдар кеңесі аясында жас ғалымдардың жұмыс тәжірибесін ұсынуға бағытталған. Баяндамашылар түрлі ғылыми салалардағы жетістіктері мен ғылыми жобаларымен бөлісті. Талқылау Қазақстанның ғылыми қоғамдастығындағы жас ғалымдардың мүмкіндіктері мен болашағын анықтауға, сондай-ақ Қазақстан жастарының ғылыми қызметін одан әрі дамыту жолдарын іздеуге бағытталған.

Саммиттің екінші бөлімі Халықаралық ғылыми-техникалық орталықпен серіктестікте Түркістанда өтеді. Атап айтқанда, семинар, нетворкинг арқылы жас ғалымдар жобаларының тұсаукесері және Жапония сарапшыларымен кездесулер өткізу жоспарлануда. Тақырыптарға пәнаралық ынтымақтастық, халықаралық ынтымақтастық, жасанды интеллект және ғарыш, климаттың өзгеруі, денсаулық сақтау және медицина және ғылым-өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастық кіреді.


Comment Form

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X