Monthly Archives: Октябрь 2020

122397770_3532907106769122_7204358507589527978_n

Вышла наша новая монография «Устойчивость пшеницы к болезням»

Құрметті әріптестер және достар! Біздің жаңа монографиямыз жарыққа шықты. Соңғы жылдардағы зерттеу нәтижелерін қамтыған ғылыми еңбекте елімізде бидай ауруларының таралуы (тат, септориоз, пиренофороз), ауру қоздырғыштарын селекцияда қолдану жолдары, төзімділіктің фитопатологиялық және генетикалық негіздері, т.б. мәліметтер көрсетілген. Монографияда 66 кесте, 47 сурет бар, бидайдың 100 сортының сипаттамасы келтірілген, 460 әдебиет қолданылған.

Дорогие коллеги и друзья!Вышла наша новая монография «Устойчивость пшеницы к болезням». В научном труде приведены результаты исследований последних лет по развитию болезней пшеницы (ржавчина, септориоз, пиренофороз) в республике, использованию возбудителей болезней в селекции, фитопатологические и генетические основы устойчивости сортов пшеницы и другие данные. Монография содержит 66 таблиц, 47 рисунков, характеристики 100 сортов пшеницы, использовано 460 литературных источников.

122355843_3530207760372390_6043575488914250704_o

Оңтүстік Агропарктегі күзгі далалық жұмыстар

Бұл күндері Оңтүстік Агропаркінде күзгі далалық жұмыстар қызу жүріп жатыр. Атап айтқанда тәжірибелік танаптарда жүгері дақылы Джон Дир комбайнымен орылып, алынған өнім Агропарктың қырманына тасымалдануда. Сонымен қатар күздік бидайдың болашағы зор үлгілері көрсетілім телімдерінде тікелей себілуде және осы әдіспен майбұршақ дақылынан кейін күздік бидайдың сорттары егілуде.

Осенние полевые работы в Агропарке Онтустик

В эти дни в Агропарке Онтустик полным ходом идут осенние полевые работы. В частности проводится уборка кукурузы на опытных участках комбайном Джон Дир и ее транспортировка в ток Агропарка. Также идет прямой посев перспективных номеров озимой пшеницы на демоучастке и этим методом проводится посев сортов озимой пшеницы после сои.

Байсерке агро_21.10.2020

«БАЙСЕРКЕ-АГРОДА» ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КӨРСЕТІЛДІ

2020 жылы 21 қазанда «Байсерке-Агро» көп салалы холдингте ауыл шаруашылығы бойынша еліміздің алдыңғы қатарлы өндіріс ошақтарындағы өсімдік және мал шаруашылығы бойынша озық технологиялар көрсетілді. Ісшара жұмысына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер бойынша комитет мүшесі Теміржанов М., КазҰАУ ректоры Есполов Т.И., ғылыми-зерттеу ұйымдарының басшылары, ғалымдар және шаруашылық жетекшілері қатысты. Майбұршақ дақылының жаңа сорттары, сондай-ақ жүгері, қант қызылшасы және тағы басқа дақылдардың отандық будандары көрсетілді. Жүгері мен майбұршақ дақылдарын бастыруды бақылау жүргізілді.

ДЕМОНСТРАЦИЯ ПЕРЕДОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ В «БАЙСЕРКЕ-АГРО»

21 октября 2020 г в многопрофильном холдинге «Байсерке-Агро» состоялась демонстрация передовых технологий растениеводства и животноводства передовых предприятий АПК нашей страны. В мероприятии приняли участие Депутат Мажилиса Парламента РК, член Комитета по аграрным вопросам Темиржанов М., ректор КазНАУ Есполов Т.И., руководители научно-исследовательских организацийй, ученые и руководители хозяйств. Показаны новые отечественные сорта сои, а также новые гибриды кукурузы, сахарной свеклы и других культур. Представлен контрольный обмолот кукурузы и сои.

АГРАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАҒЫ ОРНЫ ТОЛМАС ҚАЗА

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ұжымы институт бас директорының орынбасары, биололия ғылымдарының докторы, профессор ӘБУҒАЛИЕВА АЙГҮЛ ІЗТЕЛЕУҚЫЗЫНЫҢ мезгілсіз қаза болғанын қайғыра отырып хабарлайды.

НЕВОСПОЛНИМАЯ УТРАТА В АГРАРНОЙ НАУКЕ

Коллектив Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства глубоко скорбит о безвременной кончине заместителя генерального директора по науке, доктора биологических наук, профессора АБУГАЛИЕВОЙ АЙГУЛЬ ИЗТЕЛЕУОВНЫ.Абугалиева Айгуль Изтелеуовна родилась в 1959 году в городе Алма-Ата. После окончания в 1981 г Казахского Государственного Университета с отличием по специальности биология работала в Казахском НИИ земледелия младшим научным сотрудником, старшим научным сотрудником, заведующим отделом программирования, заведующей лабораторией технологической оценки качества зерна, заместителем генерального директора по науке.В 2002-2004 гг. работала Генеральным директором НПЦ земледелия и растениеводства МСХ РК. С 1998 по настоящее время по совместительству – профессор кафедры селекции и семеноводства, и биотехнологии Казахского Национального Аграрного Университета.С 1992 года – член международного общества науки и технологии зерна – ICC (Вена, Австрия). В 2002-2006 гг. – член ученого совета ИНТАС (Европейский Совет, Бельгия), 2006-2009 гг. – член попечительского Совета ИКАРДА (Сирия). 2007-2009 гг. – член Международного Экспертного Совета (МЭС) при Высшей научно-технической комиссии (ВНТК). 2008-2010гг. – член Экспертного Совета Комитета по Контролю в сфере образования и науки Республики Казахстан (биологические науки). 2012-2013 гг. – эксперт АО «НЦГНТЭ». С 2017 г – Член национального научного совета (ННС) по приоритету Устойчивое развитие АПК и безопасность сельскохозяйственной продукции.В 1994 году защитила докторскую диссертацию по специальности 06.01.05 – Селекция и семеноводство и 03.00.14– биохимия, с 2000 г. – профессор.Лауреат премии ЦК ЛКСМ Казахстана (1986), лауреат премии Союза молодежи и конгресса предпринимателей РК. 2000-2002 гг. – обладатель Государственной стипендии Президента РК за выдающийся вклад в развитие науки и техники. Награждена Почетной грамотой МСХ РК (2009), премией «Парасат» для научных деятелей по индексу цитируемости по отраслям АПК (2009), медалью Н.И.Вавилова «За особые заслуги в деле сохранения Вавиловской коллекции мировых генетических ресурсов растений» (2012).Соавтор более 40 допущенных к использованию в РК сортов сельскохозяйственных культур (пшеница, ячмень, рис, кукуруза, сорго, соя, тритикале), имеет более 400 научных работ, в т.ч. 9 монографий; 10 патента на изобретения и 12 авторских справок на алгоритмы и объекты интеллектуальной собственности, 20 патентов на селекционные достижения, более 15 статей с Импакт-фактором. Профессором Абугалиевой А.И. подготовлено 7 кандидатов и 1 доктор наук, 2 PhD.

12 қазанда сағат 10:00-де Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында Қазақстанның көрнекті ғалымы, профессор Әбуғалиева Айгүл Ізтілеуқызын ақтық сапарға шығару рәсімі өтеді.12 октября в 10:00 в Казахском НИИ земледелия и растениеводства состоится прощание с видным ученым Казахстана, профессором Абугалиевой Айгуль Изтелеуовной.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ДАЛА КҮНІ»

Бүгін 2020 жылдың 8 қазанында Түркістан облысында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы институты Түркістан облысының әкімдігі және ауыл шаруашылығы басқармасымен бірлесіп, «Түркістан» ӘКК, «Түркістан-Агро ХХІ» ЖШС-нің қатысуымен БП 019 бағдарламасы аясында «ДАЛА КҮНІ» семинар-кеңесін ұйымдастырды. Семинарға 80-нен астам адам қатысты. Жиналысты Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының орынбасары Т.Оспанов ашты. Жоба жетекшілері академиктер Ғ.Т. Мейірман, М.С. Құдайбергенов, «Ақжол» ЖШС басшысы С.К. Атаев, Түркістан ӘКК өкілдері, жекелеген фермерлер және басқа да мамандар баяндамалар жасады. Теориялық бөлімнен соң күздік бидайдан кейін себілген жүгеріні екінші дақыл ретінде жинау көрсетілді. Сонымен қатар, жиынға қатысушылар күздік тритикале егу жұмыстарына куә болды.

«ДЕНЬ ПОЛЯ» В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

Сегодня 08 октября 2020 года в Туркестанской области КазНИИЗиР совместно с Акиматом и Управлением сельского хозяйства Туркестанской области, при участии СПК «Туркестан», ТОО «Туркестан-Агро XXI» в рамках программы БП 019 организовали семинар-совещание «ДЕНЬ ПОЛЯ». На семинаре принимали участие свыше 80 человек. Совещание открыл заместитель Управления сельского хозяйства Туркестанской области Т.Оспанов. С докладами выступили руководители проектов академики Г.Т. Мейірман, М.С. Кудайбергенов, руководитель ТОО «Акжол» С.К. Атаев, представители СПК Туркестан, отдельные фермеры и другие специалисты. После теоритической части продемонстрирована уборка кукурузы на силос, которая была посеяна после озимой пшеницы, в качестве второй культуры. Участники семинара также увидели посев озимого тритикале.

КазНИИЗиР © 2020 Все права защищены.

Dark Mode
X