ҚазЕжӨШҒЗИ-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті
Бүгін ҚазЕжӨШҒЗИ-да Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шара барысында институттың әйелдер ұжымы ер азаматтарды мерекемен құттықтап, оларға жылы лебіздерін білдірді.

Кеш аясында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, әндер мен шығармашылық нөмірлер ұсынылды.
Мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
В КазНИИЗиР прошло праздничное мероприятие, посвящённое Дню защитника Отечества
Сегодня в Казахском научно-исследовательском институте прошло праздничное мероприятие, посвящённое Дню защитника Отечества.

В ходе мероприятия женский коллектив института поздравил мужчин с праздником и выразил им тёплые пожелания.
В рамках вечера была организована концертная программа с музыкальными и творческими номерами.
Праздничное мероприятие создало тёплую и торжественную атмосферу, оставив у участников приятные впечатления.
@agro__press @nasec.kz
Жас ғалымның халықаралық конференциядағы ғылыми жетістігі
2026 жылы 5–6 мамыр күндері Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Smart AgroScience: жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференцияның «Тұрақты ауыл шаруашылығы және экология» секциясы бойынша «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының» жас ғалымы, PhD докторанты Бекжан Майкотов І орын иеленді.
Ғылыми жетекшісі: «Өсімдіктер биотехнологиясы» зертханасының меңгерушісі, б.ғ.к. Раушан Ержебаева.
Ғылыми баяндамасының тақырыбы:
«Майбұршақтың (Glycine max L.) фотопериодтық сезімталдық гендерін молекулалық маркерлер арқылы анықтау және оларды селекциялық процесте пайдалану».
Бұл жетістік жас ғалымдардың аграрлық ғылым саласындағы ізденістері мен ғылыми әлеуетінің жоғары екенін көрсетеді.
Научное достижение молодого учёного на международной конференции
5–6 мая 2026 года в Казахском национальном аграрном исследовательском университете прошла международная научно-практическая конференция молодых учёных и студентов «Smart AgroScience: исследования и инновации молодых учёных».

В секции «Устойчивое сельское хозяйство и экология» PhD-докторант Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства Бекжан Майкотов занял 1 место.
Научный руководитель: заведующая лабораторией «Биотехнология растений», к.б.н. Раушан Ержебаева.
Тема научного доклада:
«Определение генов фотопериодической чувствительности сои (Glycine max L.) с помощью молекулярных маркеров и их использование в селекционном процессе».
Данное достижение свидетельствует о высоком научном потенциале и исследовательской активности молодых учёных в аграрной науке.
@agro__press @nasec.kz
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда жас ғалымдардың инновациялық зерттеулері талқыланды
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде «Smart Agroscience: Жас ғалымдардың зерттеулері мен инновациялары» атты жас ғалымдар мен студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы 5–6 мамыр күндері ұйымдастырылып, ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналды.

Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты атынан PhD докторант Рустемова Қарлыға Усенғалиевна «Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында тыңайтқыштарды қолдану әсерінен суармалы ашық қара-қоңыр топырағының агрохимиялық қасиеттерінің трансформациясы» атты баяндама жасап, өз зерттеу нәтижелерімен бөлісті.
Аталған конференция жас зерттеушілердің кәсіби дамуына серпін беріп, ғылымдағы жаңа бастамаларды қолдауға бағытталған маңызды алаң болды.
На международной научно-практической конференции обсудили инновационные исследования молодых учёных
В Казахском национальном аграрном исследовательском университете 5–6 мая прошла международная научно-практическая конференция молодых учёных и студентов «Smart Agroscience: Исследования и инновации молодых учёных», посвящённая обсуждению актуальных вопросов в сфере науки и образования.

От Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства PhD-докторант Рустемова Карлыга Усенгалиевна представила доклад на тему «Трансформация агрохимических свойств орошаемой светло-каштановой почвы под влиянием применения удобрений в условиях юго-востока Казахстана», в котором поделилась результатами своих исследований.
Данная конференция стала важной площадкой, направленной на профессиональное развитие молодых исследователей и поддержку новых научных инициатив.
@agro__press @nasec.kz
Қазақстанда Ұлттық генбанк азық-түлік қауіпсіздігінің негізіне айналуда
Қазақстанда өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау мен тиімді пайдалануға бағытталған Ұлттық генбанк құру жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бастама елдің агробиоалуантүрлілігін сақтап, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған.

ҚазЕжӨШҒЗИ-ың генофонд зертханасының бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының докторы, профессор М.А. Есімбекованың айтуынша, бұл бағыттағы зерттеулер 2000 жылдан бері жүргізіліп келеді:
«Біз халықаралық деңгейде мойындалған қағидаттарға сүйенеміз. Биологиялық әртүрлілік туралы конвенция мен Нагойя хаттамасы аясындағы жұмыс еліміздің геноқорды сақтау саясатын жүйелі түрде дамытуға мүмкіндік береді».
Оның сөзінше, генбанк құру – уақыт талабы:
«Қазіргі таңда генетикалық эрозия күшейіп, ауыл шаруашылығы дақылдарының алуан түрлілігі азайып барады. Сондықтан генетикалық ресурстарды сақтау – стратегиялық міндет».
Ал зертхана меңгерушісі К.Б. Мұкин бүгінде нақты нәтижелер бар екенін айтады:
«Қазірдің өзінде ұзақ мерзімді сақтауға 36 мыңнан астам тұқым үлгісі қойылды. Бұл – отандық селекцияны дамытуға негіз болатын маңызды қор».
Оның пікірінше, генбанк тек сақтау орны емес:
«Бұл жүйе генетикалық ресурстарды пайдалануды бақылауға, ашықтықты арттыруға және аса құнды сорттарды сақтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бірыңғай мемлекеттік тізілім қалыптасып жатыр».
Мамандардың айтуынша, жоба жүзеге асқан жағдайда Қазақстанның импорттық тұқымға тәуелділігі азайып, ауыл шаруашылығының тұрақтылығы артады.
Ұлттық генбанк – бұл ғылым мен ауыл шаруашылығының тоғысқан тұсы ғана емес, елдің болашағына салынған инвестиция.
Национальный генбанк растений в Казахстане становится основой продовольственной безопасности
В Казахстане продолжается работа над созданием Национального генбанка генетических ресурсов растений для продовольствия и сельского хозяйства – ключевого проекта, направленного на сохранение агробиоразнообразия и укрепление продовольственной безопасности страны.

Как отмечает главный научный сотрудник лаборатории генофонда сельскохозяйственных культур КазНИИЗиР, доктор биологических наук, профессор М.А. Есимбекова, исследования в этой области ведутся с 2000 года и уже опираются на международные стандарты:
«Работа по генетическим ресурсам растений развивается в рамках международных соглашений, таких как Конвенция о биологическом разнообразии и Нагойский протокол. Это позволяет Казахстану выстраивать системную и признанную на глобальном уровне политику сохранения генофонда».
По ее словам, создание генбанка обусловлено не только научными задачами, но и реальными рисками:
«Сегодня мы наблюдаем усиление генетической эрозии, утрату сортов и сокращение разнообразия сельскохозяйственных культур. В этих условиях формирование национальной системы хранения – это не выбор, а необходимость».
Заведующий лабораторией генофонда сельскохозяйственных культур К.Б. Мукин подчеркивает, что уже проделана значительная работа:
«На сегодняшний день на длительное хранение заложено более 36 тысяч образцов семян по 7 группам культур. Это серьезная база для дальнейших селекционных исследований и развития отечественного аграрного сектора».
По его словам, генбанк выполняет не только функцию хранения, но и становится инструментом прозрачности:
«Он обеспечивает мониторинг использования генетических ресурсов и способствует сохранению особо ценных сортов. Кроме того, формируется единый государственный реестр, что важно для учета и эффективного управления».
Эксперты отмечают, что реализация проекта позволит снизить зависимость от импортных семян, повысить устойчивость сельского хозяйства к климатическим изменениям и обеспечить выполнение международных обязательств Казахстана.
Создание Национального генбанка – это не просто научная инициатива, а инвестиция в устойчивое будущее аграрной отрасли страны.
@agro__press @nasec.kz

Свежие комментарии