Кенебай Қожахметов пен Сейілхан Сай құрметті академик атанды
Бүгін, 9 қазанда Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының президенті Тілектес Есполов келді. Сапар аясында ол биология ғылымдарының докторы, белгілі ғалым-селекционер Кенебай Қожахметовті құрметті академик атағының берілуімен құттықтап, арнайы диплом табыс етті.

Кенебай Қожахметов саналы ғұмырын отандық аграрлық ғылымға арнаған ғалым. Оның ғылыми қызметі 1970 жылдан бастап ҚазЕжӨШҒЗИ-мен тығыз байланысты. Ғалым ұзақ жылдар бойы будандастыру және цитогенетика зертханасын басқарып, бидай мен тритикале селекциясының дамуына елеулі үлес қосты. Ол 13 сортты мемлекеттік сынаққа ұсынуға атсалысып, 120-дан астам ғылыми еңбек жариялаған және бес патент алған.
Тілектес Есполов ғалымның кәсіби жолы мен адамгершілік қасиеттеріне ерекше тоқталды.
«Кенебай ағамен кеңес дәуірінен бері таныспыз. Біз де Мәскеуде аспирантурада оқып, үлкен ғылыми мектептен өттік. Сол кезеңнен бері ауыл шаруашылығы ғылымына бірге қызмет етіп келеміз. Кенебай Қожахметұлы – білімі терең, еңбегіне адал, ғылымға шынайы берілген азамат. Оның отандық селекция мен жас ғалымдарды тәрбиелеуге қосқан үлесі зор», – деді ол.
Академия президентінің айтуынша, құрметті атақ беру туралы шешімді президиум мүшелері бірауыздан қолдаған.
Адамның басты құндылығы – оның ішкі тазалығы, адалдығы және елге сіңірген еңбегі. Жақсылық та, жамандық та адамның өзіне қайтып келеді. Сондықтан қандай жағдайда да адал болу керек. Кенебай Қожахметұлы осы ұстанымды өмір бойы еңбегімен дәлелдеген тұлға. Қазақстан халқы осындай ғалымдарымен мақтанады, – деді Тілектес Есполов.
Салтанатты іс-шара барысында құрметті академик дипломы Қытай Халық Республикасы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы Дақылдар институтының «Жүгері селекциясы және агротехнологиясы» бөлімінің жетекші ғалымы, PhD докторы, профессор Сейілхан Серікбайұлы Сайға (SAILIHAN SAI) да табысталды.

Сейілхан Сайдың ғылыми қызметі жүгері селекциясын дамытуға, заманауи агротехнологияларды жетілдіруге және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Тілектес Есполов Ерлепесов бастаған аға буын ғалымдардың отандық аграрлық ғылымның қалыптасуына зор үлес қосқанын атап өтіп, Кенебай Қожахметов пен Сейілхан Сайға мықты денсаулық, ғылыми ізденістеріне табыс және жаңа жетістіктер тіледі.
Кенебай Кожахметов и Сейлхан Сай стали почётными академиками
Сегодня, 9 октября, Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетил президент Академии сельскохозяйственных наук Республики Казахстан Тлектес Есполов. В ходе визита он поздравил доктора биологических наук, известного учёного-селекционера Кенебая Кожахметова с присвоением звания почётного академика и вручил ему специальный диплом.
Кенебай Кожахметов посвятил свою жизнь отечественной аграрной науке. С 1970 года его научная деятельность тесно связана с КазНИИЗиР. На протяжении многих лет учёный возглавлял лабораторию отдалённой гибридизации и цитогенетики, внёс значительный вклад в развитие селекции пшеницы и тритикале. При его участии на государственное сортоиспытание были переданы 13 сортов. Он опубликовал более 120 научных работ и получил пять патентов.
Тлектес Есполов особо отметил профессиональный путь и человеческие качества учёного.
– С Кенебаем Кожахметовичем мы знакомы ещё с советских времён. Мы учились в аспирантуре в Москве и прошли большую научную школу. С тех пор вместе служим сельскохозяйственной науке. Кенебай Кожахметович – глубоко образованный, преданный своему труду и искренне увлечённый наукой человек. Он внёс большой вклад в развитие отечественной селекции и подготовку молодых учёных, – сказал он.
По словам президента Академии, решение о присвоении почётного звания было единогласно поддержано членами президиума.
– Главные ценности человека – внутренняя чистота, честность и труд на благо страны. И добро, и зло возвращаются к самому человеку. Поэтому при любых обстоятельствах нужно оставаться честным. Кенебай Кожахметович всей своей жизнью и трудом доказал верность этим принципам. Народ Казахстана гордится такими учёными, – подчеркнул Тлектес Есполов.
Во время торжественного мероприятия диплом почётного академика также вручили Сейлхану Серикбаевичу Саю (SAILIHAN SAI) – доктору PhD, профессору, ведущему учёному отдела «Селекция и агротехнология кукурузы» Института культур Академии сельскохозяйственных наук Синьцзян-Уйгурского автономного района КНР.
Научная деятельность Сейлхана Сая направлена на развитие селекции кукурузы, совершенствование современных агротехнологий и укрепление международного научного сотрудничества.
Тлектес Есполов также отметил значительный вклад старшего поколения исследователей, начиная с Ерлепесова, в становление отечественной аграрной науки. Он пожелал Кенебаю Кожахметову и Сейлхану Саю крепкого здоровья, успехов в научной деятельности и новых достижений.
@agro__press @nasec
ҚазЕжӨШҒЗИ-на Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінің өкілі келді
Бүгін Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтына Солтүстік Дакота мемлекеттік университетінің (NDSU, АҚШ) Жаһандық бағдарламалар және қызметтер басқармасының директоры Эрик Д. Лайзе (Eric D. Leise, EdD) келді.

ҚазЕжӨШҒЗИ Басқарма төрайымы Шолпан Бастаубаева қонақты институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырып, халықаралық ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастықты дамыту перспективалары туралы айтты.
Шолпан Бастаубаеваның айтуынша, Солтүстік Дакота мен Қазақстанның климаттық және географиялық жағдайлары ұқсас. Сондықтан осы америкалық штаттың тәжірибесі Қазақстанның ауыл шаруашылығында, әсіресе етті мал шаруашылығы саласында белсенді қолданылады.
Сондай-ақ ол академик Мехлис Сүлейменовтің 20 жыл ішінде тәжірибе алмасу және кәсіби байланыстарды нығайту мақсатында АҚШ-тың түрлі штаттарына жеті рет барғанын атап өтті. ҚазЕжӨШҒЗИ мен Солтүстік Дакотаның ғылыми орталықтары арасындағы тікелей ғылыми-тәжірибелік ынтымақтастық, ең алдымен, климаттық аймақтардың ұқсастығына негізделген.

Кездесу барысында тараптар тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлықты дамыту, ғылыми кадрлар даярлау және ауыл шаруашылығы саласында бірлескен зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін талқылады.
Сапар аясында Эрик Лайзе ҚазЕжӨШҒЗИ-дың ғылыми инфрақұрылымымен танысып, зертханалар мен өсімдіктердің генетикалық банкін аралады. Қонаққа институттың негізгі ғылыми әзірлемелері, ауыл шаруашылығы дақылдарының коллекциялары, сондай-ақ өсімдіктердің генетикалық ресурстарын сақтау және зерттеу жұмыстары таныстырылды.
Кездесу ҚазЕжӨШҒЗИ мен АҚШ-тың ғылыми және білім беру мекемелері арасындағы байланысты дамытудағы кезекті маңызды қадам болды.
КазНИИЗиР посетил представитель Университета штата Северная Дакота
Сегодня Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства посетил директор Управления глобальных программ и услуг Университета штата Северная Дакота (NDSU, США) Эрик Д. Лайзе (Eric D. Leise, EdD).

Председатель правления КазНИИЗиР Шолпан Бастаубаева ознакомила гостя с основными направлениями деятельности института и рассказала о перспективах развития международного научно-практического сотрудничества.
По словам Шолпан Бастаубаевой, Северная Дакота и Казахстан имеют схожие климатические и географические условия. Поэтому опыт этого американского штата активно применяется в сельском хозяйстве Казахстана, особенно в сфере мясного скотоводства.
Она также отметила, что академик Мехлис Сулейменов на протяжении 20 лет семь раз посещал различные штаты США для изучения зарубежного опыта и укрепления профессиональных связей. Прямое научно-практическое сотрудничество между КазНИИЗиР и научными центрами Северной Дакоты основывается прежде всего на сходстве климатических зон.
Стороны обсудили возможности обмена опытом, развития академической мобильности, подготовки научных кадров и реализации совместных исследований в сфере сельского хозяйства.
В рамках визита Эрик Лайзе ознакомился с научной инфраструктурой КазНИИЗиР, посетил лаборатории и генетический банк растений. Гостю представили основные научные разработки института, коллекции сельскохозяйственных культур, а также работу по сохранению и изучению генетических ресурсов растений.
Встреча стала очередным шагом в развитии взаимодействия КазНИИЗиР с научными и образовательными учреждениями США.
@agro__press @nasec
Селекциялық техниканы жаңарту – жоғары өнімділік пен Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне бастар қадам
«Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС материалдық-техникалық базасын жаңғырту жұмыстарын белсенді жалғастырып келеді.
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы BR22885857 «Майлы және жармалық дақылдардың өнімділігі жоғары сорттары мен будандарын шығару және өндіріске енгізу» ғылыми-техникалық бағдарламасы аясында Майлы дақылдар зертханасына жаңа арнайы техника – отамалы дақылдарға арналған ССФК-7М селекциялық сепкіші сатып алынды.

Бұл неліктен маңызды?
Селекциялық тәжірибелерді жүргізу – өнімділігі жоғары жаңа сорттарды шығарудың негізгі кезеңдерінің бірі. Ал селекциялық техниканың дәлдігі мен жұмыс сапасы бүкіл ғылыми тәжірибенің нәтижесіне тікелей әсер етеді.
Тұқымды дәл себу және біркелкі орналастыру өскіндердің бітік шығуына, өсімдіктердің кейінгі өсуі мен дамуына ықпал етеді.
Тұқымды белгіленген тереңдікке орналастыру өскіндердің қоректенуі мен ылғалдануына қолайлы жағдай жасайды.
Қатарлар арасындағы арақашықтықты дәл сақтау әр өсімдікке бірдей қоректену алаңы мен күн сәулесінің түсуін қамтамасыз етіп, тәжірибе нәтижелеріндегі статистикалық қателіктерді азайтады.
Заманауи ССФК-7М сепкішін пайдалану далалық зерттеулердің сапасын арттыруға, селекциялық үдерісті жеделдетуге және Қазақстан диқандарына төзімді әрі жоғары өнімді майлы дақылдар сорттарын ұсынуға мүмкіндік береді.

Обновление селекционной техники: шаг к высокой урожайности и продовольственной безопасности Казахстана
ТОО «Казахский научно-исследовательский институт земледелия и растениеводства» продолжает активную работу по модернизации материально-технической базы.
В рамках реализации научно-технической программы BR22885857 «Создание и внедрение в производство высокопродуктивных сортов и гибридов масличных, крупяных культур, с целью обеспечения продовольственной безопасности Казахстана» Лаборатория масличных культур пополнилась новым специализированным оборудованием – селекционной сеялкой ССФК-7М для пропашных культур.
Почему это важно?
Закладка селекционных опытов – ключевой этап в выведении новых высокопродуктивных сортов. Качество и точность работы селекционной техники напрямую определяют успех всего научного эксперимента:
Точность высева и равномерное распределение семян влияют на дружность всходов, а также на последующий рост и развитие растений.

Соблюдение точной глубины заделки семян создаёт оптимальные условия для питания и увлажнения проростков.
Строгое выдерживание расстояния между рядками обеспечивает равную площадь питания и равный доступ к солнечному свету для каждого растения, исключая погрешности в статистических данных опыта.
Использование современной сеялки ССФК-7М позволит повысить качество полевых исследований, ускорить процесс селекции и предложить аграриям Казахстана устойчивые и высокоурожайные сорта масличных культур.
@agro__press @nasec

Свежие комментарии