«АӨК ғалымдары»: Керімтай Қонысбеков қант қызылшасының селекциясы туралы
«АӨК ғалымдары» айдарында аграрлық ғылымды көпшілікке таныстыруды және отандық ғалымдардың зерттеулері мен жетістіктері туралы айтуды жалғастырамыз. Бүгін қант қызылшасының отандық селекциясы, жаңа будандар және халықаралық ғылыми ынтымақтастық туралы сөз қозғаймыз.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қант қызылшасы зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Керімтай Қонысбеков Қазақстан жағдайына бейімделген қант қызылшасы сорттары мен будандарын шығару бағытындағы ғылыми жұмыстар туралы айтып берді.

Ғалымның зерттеулері жоғары өнімді, қанттылығы жоғары және бәсекеге қабілетті отандық сорттар мен будандарды шығаруға бағытталған.
Тәуелсіздік жылдарында институт ғалымдары қант қызылшасының 264 инбредтік линиясын жасап, көпжылдық селекциялық жұмыстар нәтижесінде 1 сорт пен 18 будан шығарды. Олардың қатарында ЦКазМС-44, КазМС-19, КазСиб-14, Ақсу, Айшолпан, Шекер, Тараз, Памяти Абугалиева, Абілхайыр, Болашақ және Ынтымақ бар. Өндіріске ұсынылған будандардың орташа өнімділігі гектарына 800–900 центнерге, ал қанттылығы 17,5–18,7%-ға дейін жетеді.
Соңғы жылдары институт заманауи селекциялық әдістер мен технологияларды енгізу мақсатында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты белсенді дамытып келеді. Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің Цитология және генетика институтымен, Мазлумов атындағы Бүкілресейлік қант қызылшасы және қант ғылыми-зерттеу институтымен, Украинаның биоэнергетикалық дақылдар және қант қызылшасы институтымен бірлескен зерттеулер жүргізілуде. Сонымен қатар Беларусь, Қытай, Польша және Францияның ғылыми ұйымдарымен байланыс орнатылған.
Халықаралық әріптестік аясында селекциялық құнды генетикалық материалдармен алмасу, линиялар, сорттар мен будандарды экологиялық сынақтан өткізу және перспективалы генотиптерді іріктеу жұмыстары жүргізіледі. Шетелден алынған материалдар Қазақстан жағдайында өнімділігі, қанттылығы, бейімділігі, тұрақтылығы және басқа да шаруашылыққа құнды белгілері бойынша бағаланады.
Керімтай Қонысбековтің айтуынша, қант қызылшасынан тұрақты әрі жоғары өнім алу үшін сапалы тұқыммен қатар ғылыми негізделген ауыспалы егіс, тиімді суару жүйесі, өсімдіктерді қорғау, мамандандырылған техника және өңдеу кәсіпорындарымен жүйелі байланыс қажет. Осы тұрғыда заманауи техникамен жабдықталған агросервистік орталықтарды дамыту маңызды.
Институт отандық тұқым шаруашылығын дамытуға да ерекше көңіл бөлуде. Серіктес шаруашылықтармен бірлесіп, 2027 жылға дейін отандық қант қызылшасы тұқымының үлесін еліміздің жалпы қажеттілігінің 30%-ына жеткізу жоспарланып отыр.
Ғылымды дәріптеу арқылы аграрлық саладағы зерттеулердің маңызын, отандық ғалымдардың еңбегін және олардың ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесін таныстыруды жалғастырамыз.
«Ученые в АПК»: Керимтай Конысбеков о селекции сахарной свеклы
В рубрике «Ученые в АПК» продолжаем популяризировать аграрную науку и знакомить с исследованиями и достижениями отечественных ученых. Сегодня рассказываем об отечественной селекции сахарной свеклы, создании перспективных гибридов и развитии международного научного сотрудничества.
Ведущий научный сотрудник лаборатории сахарной свеклы Казахского научно-исследовательского института земледелия и растениеводства, кандидат сельскохозяйственных наук Керимтай Конысбеков рассказал о научной работе по созданию сортов и гибридов сахарной свеклы, адаптированных к условиям Казахстана.
Исследования ученого направлены на создание высокопродуктивных и конкурентоспособных отечественных сортов и гибридов с высокой сахаристостью.
За годы независимости учеными института создано 264 инбредные линии сахарной свеклы. Результатом многолетней селекционной работы стали 1 сорт и 18 гибридов, среди которых ЦКазМС-44, КазМС-19, КазСиб-14, Аксу, Айшолпан, Шекер, Тараз, Памяти Абугалиева, Абилхаир, Болашак и Ынтымак. Средняя урожайность рекомендованных производству гибридов достигает 800–900 ц/га, сахаристость — 17,5–18,7%.
В последние годы институт активно расширяет международное научное сотрудничество для внедрения современных селекционных методов и технологий. Совместные исследования ведутся с Институтом цитологии и генетики Сибирского отделения Российской академии наук, Всероссийским научно-исследовательским институтом сахарной свеклы и сахара имени А. Л. Мазлумова и Институтом биоэнергетических культур и сахарной свеклы Украины. Научные связи также развиваются с организациями Беларуси, Китая, Польши и Франции.
Международное сотрудничество включает обмен ценным генетическим материалом, проведение совместных исследований, экологические испытания линий, сортов и гибридов, а также отбор перспективных генотипов. Зарубежный селекционный материал изучается в условиях Казахстана и оценивается по урожайности, сахаристости, адаптивности, устойчивости и другим хозяйственно ценным признакам.
По словам Керимтая Конысбекова, для получения стабильных и высоких урожаев сахарной свеклы недостаточно только качественного семенного материала. Необходимы научно обоснованный севооборот, эффективное орошение, защита растений, специализированная сельскохозяйственная техника и налаженное взаимодействие с перерабатывающими предприятиями. Важную роль в этом направлении может сыграть развитие агросервисных центров, оснащенных современной техникой.
Особое внимание институт уделяет развитию отечественного семеноводства. Совместно с партнерскими хозяйствами к 2027 году планируется довести долю отечественных семян сахарной свеклы до 30% от общей потребности страны.
Продолжаем популяризировать аграрную науку, рассказывая об исследованиях отечественных ученых, их достижениях и вкладе в развитие сельского хозяйства Казахстана.
@agro__press @nasec
